Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ПУТИНЦЕВА «РОЛАН ГАРРОСТЫ» АЯҚТАДЫ

ПУТИНЦЕВА «РОЛАН ГАРРОСТЫ» АЯҚТАДЫ

Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің орталық кортында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

www.myscore.ru сайтынан мәлім болғанындай, бірінші партия аса тартысты болды. Осы турнирдің төртінші ракеткасы болып тіркелген Мугуруса ақыры таразы басын өзіне аудара білді — 7:5. Екінші партияда да ол бірден 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Путинцева есепті 2:3-ке дейін қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді. Сөйтіп 2:6 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Ролан Гаррос турнирінде жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Ал өткен жылғы табысын қайталау жолында тағы бір қадам жасаған испаниялық теннисші төртінші айналымда америкалық Шелби Роджерс немесе франциялық Кристина Младеновичтің қай жеңгенімен кортқа шығады.

Сондай-ақ

«БАРЫС» ОМБЫДАҒЫ ЖАРЫСТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«Барыс» хоккей клубы Омбыдағы Виктор Блиновты еске алуға арналған жарысты жеңіспен бастады. Елордалық ұжым бірінші …

Добавить комментарий