Басты бет / Кәсіпқой бокс / Айдар Шәрібаев / МАҚСАТ БІРЕУ БАҒЫТ АЙҚЫН

МАҚСАТ БІРЕУ БАҒЫТ АЙҚЫН

Алматыдағы «Aidar Classis» бокс залында КСРО- ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко мен белгілі кәсіпқой боксшы  Айдар Шәрібаев журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.  Алдымен сөз алған Виктор Леонидұлы еліміздегі кәсіпқой бокс  деңгейінің қарқынды түрде дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Промоутерлік компаниялардың қатары  көбейіп, қазақ боксшыларына үлкен жекпе-жектер өткізетін мүмкіндік арта түсті. Әсіресе Айдар Шәрібаев секілді жігіттерге жол ашып жүрген отандық «Diamond RING» промоутерлік компаниясының әлемдік беделі  де жоғары. Сондықтан біздер алдағы күндері ЭКСПО аясында  осы«Diamond RING» компаниясының ұйымдастыруымен үлкен кездесулерге куә болуымыз ғажап емес.

Айдар Шәрібаевта алдағы мақсат-жоспарларымен бөлісті.  Кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісінен кейін сәл тынығып алған боксшы дайындық жұмыстарына қайта кірісті. Шәрібаев келесі жекпе-жегін чемпиондық белбеу үшін өткізуі әбден мүмкін.

Мен барлық кездесулерге үлкен жауапкершілікпен қараймын. Майамиде мықты боксшылармен, білікті бапкерлермен жұмыс жасадым.  Қазақ кәсіпқой боксшыларына осындай жағдай жасап отырған отандық «Diamond RING» промоутерлік компаниясына алғысым шексіз. Мақсат біреу, бағыт айқын. Әлем чемпионы атанып, ел абройын асқақтату.

 

Сондай-ақ

АҚТАУДАҒЫ КАРАТЭ-ДО БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІ

Жақында Маңғыстау облыстық каратэ-до бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «EXPO-2017» көрмесінің ашылуына орай спорттық көрсетілім …

Добавить комментарий