Басты бет / Слайдер / ЕШ ӨЗГЕРІССІЗ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

ЕШ ӨЗГЕРІССІЗ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Дания құрамасынан ұтылды. Ойында қонақтар 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстан құрамасы ойынды қарқынды бастады. Жанкүйерлердің қолдауымен алға ұмтыла түсіп, шабуылда белсенділік танытты. Доп ұстауда басымдық танытса, дат футболшылары қарымта шабуылға иек артты. Одан кейінгі аралықта Георгий Жуков, Азат Нұрғалиев пен Исламбек Қуат соққы бағыттап көрген. Доп Дания құрамасының қақпасынан биік кетті.

27-минутта Дания құрамасы есепте озды. Йоргенсеннің тепкен добын Давид Лория қайтара алмады. Бір гол соққаннан кейін қонақтар шабуылға еркін шыға бастады. 33-минутта екінші рет гол соқты. Қапталдағы төреші ойыншының оффсайдта қалғанын аңғарып, голды есепке алған жоқ.

44 минутта команда капитаны Бауыржан Исламхан ойын ережесін бұзғаны үшін алаңнан қуылып, Қазақстан құрамасы 10 ойыншымен қалды. Артынша Дания құрамасы кезекті рет гол соғып, есепке алынбады.

Екінші таймды даттар ширақ бастады. Йоргенсеннің тепкен добын Давид Лория қайтара білді. Алайда 51 минутта Кристиан Эриксеннің пенальтиін қайтара алмады. Нәтижесінде Дания құрамасы екі доп басымдығымен алға шықты. 61 минутта Давид Лория қақпасын үшінші голдан аман алып қалды. Қорғаныстағы қателіктен кейін Йоргенсен мен Брайтуайт қақпашымен бетпе-бет шыққан еді.

76 минутта Исламбек Қуат қарсыластардың қорғаушысын алдап өтіп, есепті қысқартты. Алайда араға 5 минут сала екінші таймда алаңға шыққан Каспер Дольберг есепте Дания құрамасын екінші рет екі доп басымдығымен алға шығарды.

Негізгі уақыт аяқталар тұста Серікжан Мұжықовтың тепкен добы қақпадан сәл биік кетті.

 

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН СОҢҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКІЗУДІ ЖОСПАРЛАУДА

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, …