Басты бет / Без рубрики / ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 100-ШІ ОРЫНДА

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 100-ШІ ОРЫНДА

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде төрт сатыға жоғарылады.

Қазақстан құрамасы мамыр айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Соған қарамастан жаңартылған тізімде отандастарымыз 104-орыннан 100-орынға көтерілді. Дегенмен бұл орынға 331 ұпайы бар Үндістан мен Никарагуа да таласып тұр.

Рейтингтің алғашқы ондығында ешқандай өзгеріс болмаған. Бірінші орында – Бразилия, екінші орында – Аргентина, үштікті Германия құрамасы түйіндеп тұр.

1 (1). Бразилия – 1715 ұпай,

2 (2). Аргентина – 1626,

3 (3). Германия – 1511,

4 (4). Чили – 1422,

5 (5). Колумбия – 1366,

6 (6). Франция – 1332,

7 (7). Бельгия – 1292,

8 (8). Португалия – 1267,

9 (9). Швейцария – 1263,

10 (10). Испания – 1198,

10 (11). Польша – 1198.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Мавритания ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 13 саты төмендеп, 104-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Жаңа Зеландия құрамасы еншіледі. Олар 17 саты жоғарылап, 95-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, 10 маусым күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасымен кездеседі.

Ақпарат көзі: khabar.kz

Сондай-ақ

ҚАЙРАТ АХМЕТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов Макаода 5 тамызда өткен ONE Championship халықаралық турнирде жеңіліс …