Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АТЫРАУ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ

«АТЫРАУ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ

Кеше кешкісін «Атырау» футбол клубының ойыншылары ұжымның ресми серіктесі болып табылатын «ВТБ Банк Қазақстан» атыраулық филиалындағы кеңседе балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесу барысында футболшылар ата-аналарының қарауынсыз қалған балақайлар мен жас өрендерге клубтың барлық аяқдопшылары өз қолдарын қойған жейдені тарту етті. Одан бөлек, доп сияқты тағысын тағы сыйлықтар жасалып, ойыншылар бүлдіршіндермен үстел теннисін ойнады. Ең бастысы, олардың хал-жағдайларын сұрап, әңгіме-дүкен құрды, әлсін-әлсін бас сұғып тұруға уәде етті.

Жайылған ақ дастарханнан дәм татқан балалар үшін банк қызметкерлері мекеме ішінде экскурсия ұйымдастырылып, кездесу соңында олармен бірге естелік фото түсірілді.

«Атырау» ФК баспасөз қызметі

Сондай-ақ

ҚАРАҒАНДЫ МАРАФОНЫНА 5000 АДАМ ҚАТЫСТЫ

3 маусым күні Қарағандыда алғаш рет «Арманға жол» атты жалпыхалықтық жартылай марафон өтті. Оған еліміздің …