Басты бет / Мақала / БОКС. АЛҒАШҚЫ АЛТЫН ӨЗБЕКСТАНДА

БОКС. АЛҒАШҚЫ АЛТЫН ӨЗБЕКСТАНДА

 

Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекелерінің алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Ең жеңіл 49 келі салмақта Өзбександық боксшы Хасанбой Дусматов чемпион атанды. Ол финалда Колумбиялық Юрберхен Мартинестен басым түсті. Қола жүлде Йоанис Архилагос (Куба) пен Нико Эрнандестің (США) еншісінде.

23 жасар  Хасанбой Дусматов Өзбекстан тарихындағы Олимпиада ойындарындағы бокстан алтын алған екінші спортшы болып табылады. Алғаш рет 2000 жылғы Сиднейде Мұхаммадқадыр Абдуллаев чемпион атанған болатын.

Юрберхен Мартинес  Колумбия бокс тарихындағы алғашқы күміс алған спортшы атанып отыр. 1988 жылы Колумбия боксшылары алғашқы  қола медальдарын  еншілеген болатын. Кейін 1972 жылы екі бірдей қола алды. Осыдан кейін, 28 жыл өткенде Юрберхен Мартинес Колумбияның бокста орны бар екенін дәлелдеп отыр.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы салмақта шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Біржан Жақыпов ширек финалда осы өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан ұтылған болатын.

Сондай-ақ

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕРДІҢ МАҚСАТЫ ОЛИМПИАДАДА МЕДАЛЬ АЛУ

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 37 күн қалды. Ақ Олимпиаданы …