Басты бет / Қысқы спорт / АЛМАТЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

АЛМАТЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Қазақ спорт және туризм академиясында Алматыда өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров маңызды спорт шарасының өту барысын баяндап, дүбірлі дода жайын қорытындылады.

Жиында 28 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өткен Алматыдағы Бүкіләлемдік студенттік ойындарда Қазақстан құрамасы жоғары  көрсеткішке ие болғандығын айтып, мемлекетіміз жалпы командалық есепте екінші орынды иеленіп, 36 медальді (11 алтын, 8 күміс және 17 қола) қанжығасына байлағанын еске салды. Қазақстан құрамасының қоржынына Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері  7 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль алып келгені де тілге тиек етілді.

Еске сала кетейік, Алматыда өткен Универсиада үлкен еліміздің спорт тарихына үлкен міз қалдырды. Шаһарымызда 2 үлкен көпфункционалды спорттық кешен, 12 мың адамға арналған Алматы арена және 3 мың адамға шақталып Халық арена салынды. Онымен қоса спортшыларға арналған атлетикалық ауыл да тұрғызылған  болатын. Ойын аяқталғаннан кейін Атлетикалық ауылдағы үйлердің 5 мыңнан астам пәтері үй алуға кезекте тұрған адамдарға берілді. Қазіргі таңда жоғарыда айтылған спорт кешенінде барлық алматылықтар мен қала қонақтарының спортпен айналысуға мүмкіндіктері бар. Атап айтар болсақ, бокс, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, керлинг және түрлі жекпе-жек түрлерімен шұғылдана алады.

Жиынға жиналғандардың басым бөлігін қызықтырған мәселе – Қазақстан жақын арада қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер бола ала ма? Сөз барысында Нұров мырза бұл сұрақтың да жауабын берді. Алматы  Олимпиада ойындарының астанасы мәртебесіне толықтай лайық және спорттық инфрақұрылымның даму көрсеткіші бойынша ойында өткізуге дайын екеніндігін айтты.

Жиылған қауымның алдында Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, Қазақстан Республикасының студенттік спорт федерациясының басшысы Қайрат Закирьянов сөз сөйледі. Ол Универсиаданы Алматыда өткізу кезіндегі біршама қиындықтарды,сонымен қатар елімізде өткен бұл шара Универсиада тарихында ең жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Айдана Нұрмұхан

Сондай-ақ

БАТЫР МЕН АБЫЛАЙХАННЫҢ БОЛАШАҒЫ АЛДА

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың IBO International белбеуін иеленгенін сүйіншілей хабарлағанбыз. Канаданың …