Басты бет / Соңғы жаңалықтар / АСТАНАДА УЕФА СУПЕРКУБОГЫНЫҢ МАТЧЫ ӨТУІ МҮМКІН

АСТАНАДА УЕФА СУПЕРКУБОГЫНЫҢ МАТЧЫ ӨТУІ МҮМКІН

Елордадағы «Астана-Арена» стадионында 2019 жылы УЕФА Суперкубогының матчы өтуі мүмкін. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев facebook парақшасында хабарлады.

Бұл ойынды өткізу құқығына үміткерлер тізімінде Албаниядағы «Кемаль Стафа», Израильдағы «Самми Офер», Польшадағы «Арена Гданьск», Солтүстік Ирландиядағы «Уиндзор Парк», Түркиядағы «Бешикташ Арена» және Франциядағы «Стадьом-де-Тулуз» стадиондары бар.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалдық матчты Украинаның Киев қаласында өтсе, Еуропа лигасының ақтық кездесуі Францияның Лион қаласына жоспарланды. Қос турнирдің жеңімпаздары аталған стадиондардың бірінде УЕФА Суперкубогын сарапқа салады.

Сондай-ақ

«БАРЫС» ОМБЫДАҒЫ ЖАРЫСТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«Барыс» хоккей клубы Омбыдағы Виктор Блиновты еске алуға арналған жарысты жеңіспен бастады. Елордалық ұжым бірінші …

Добавить комментарий