Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

АЛМАТЫДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

 

«Спорттық Алматы» жобасы аясында «БЖСМ» №2 БАҚ қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Қатысушылар шағын футболдан, арқан тартудан, шахматтан, гір көтеруден, армрестлингтен және үстел теннисінен жарыс жолына шықты.

— Біз спорттық сайт болған соң, әрқашан салауатты өмір салтын насихаттап, өзіміз ұстануға тырысамыз. Бұл жарыс туралы естіп, бақ сынауға бел будық. Мен армрестлинг және гір көтеруден әріптестеріммен бәстестім. Өкінішке орай, екінші орынды иелендік, бірақ, ештеңе етпейді, қарсыластарым мықты болды, — деп атап өтті  vesti.kz тілшісі Денис Стрелков.

Спорттық шара БАҚ қызметкерлерін дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру, аталып өткен спорт түрлерін елге таныту,қала тұрғындарының физикалық дайындығын арттыру, салауатты өмір салтын БАҚ өкілдері арасында насихаттау мақсатында өткізілді.

— Шыны керек, осындай жарыстың қаламызда өтіп жатқанына ризамын. Өйткені, соңғы кездері, олар аз өткізілуде. Жұмысқа байланысты әріптестеріммен жиі кездесуге мүмкіндік бола бермейді, ал мұнда барлығымен қауышып, жақсы уақыт өткіздік. Жас кезімде шахматпен айналысатынмын, бүгін осы спорт түрінен жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын.  Барлығы жақсы ойын үлгісін көрсетті. Бұл бәсеке болғанымен, мұнда біз достық қарыс-қатынаста спортпен шұғылдандық, — деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жұмыскері Дәурен Исаев.

50-ге жуық БАҚ қызметкерлері арасында жалпыкомандалық есеп бойынша «Алматы» каналының ұжымы үздік атанса,»Мир» командасы екінші орынға жайғасты.Ал үздік үштікті «Алматы ықшамының» тілшілері түйіндеді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, оларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар берілді.

Айта кетер жайт, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы алып шаһардағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «ВЕРОНАДАН» БІР ГОЛ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫМЕН БАСЫМ ТҮСТІ

Италия біріншілігінің 11-ші кезеңінде өткен «Верона» — «Интер» кездесуінде, Спаллеттидің командасы Перишитің голының арқасында «Веронадан» …