Басты бет / Кәсіпқой бокс / ИСА АҚБЕРБАЕВ КЕЛЕСІ КЕЗДЕСУІН ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ӨТКІЗУІ МҮМКІН

ИСА АҚБЕРБАЕВ КЕЛЕСІ КЕЗДЕСУІН ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ӨТКІЗУІ МҮМКІН

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (19-0, 14 КО) өзінің келесі кездесуін желтоқсан айында өткізуі мүмкін.

Отандасымыздың келесі кездесуі нақты қашан және қайда өтетіні белгісіз. Кәсіпқой бокста жүрген сегіз жылдың ішінде Ақбербаев Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Германия, Ресей, Украина және АҚШ жерінде жұдырықтасқан.

33 жастағы отандасымыз өзінің соңғы кездесуін биылғы жылдың тамыз айында өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік боксшы Юрий Барашьяннан (28-10, 19 КО) айласын асырды.

Айта кетейік, Ақбербаев қазіргі уақытта ауыр салмақтағы Global Boxing Council белбеуінің иегері. Ол белбеуді қазақстандық боксшы 2015 жылы жеңіп алып, үш рет сәтті қорғады.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …