Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА РЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 5-ШІ ТУРЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА РЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 5-ШІ ТУРЫ ӨТТІ

«Авиатор» стадионында  регби 7-ден ел біріншілігінің 5-ші  туры өтті. Аталмыш додада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жоғарғы лиганың 8 ерлер  және 6 әйелдер  командалары бақ сынасты.

Жалпы, жарыс нәтижелері бойынша чемпионаттың жүлделі орындарын сараптайтын үздік командалар, ерлер арасында «Олимп» (Талдықорған), «Азия спорт» (Алматы) және «Каспий» (Ақтау), ал әйелдер арасында «Азия спорт» (Алматы), «Олимп» (Талдыкорган) және ҚБЖСМ-3 (Алматы) жақсы көрсеткіштермен ерекшеленді.

— Бүгінгі матчтар қиын өтті. Басты қарсыласымыз «Олимп» командасы. Біздің ұжым жаңарған, жас спортшылардан құралған. Дегенмен, басты мақсатымыз чемпионаттың жеңімпазы атану, — деп атап өтті «Азия спорт» (Алматы) ойыншысы Оңласын Тұрсынбек.

Регбиден жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, регбиді елге таныту, жастар мен жасөспірімдерді осы спорт түріне қызықтыру және үздік спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Айта кетер жайт, жалпы, чемпионатқа 12 ерлер және 8 әйелдер командалары қатысады. Алайда, бұл жарысқа қаржыландыру мәселесіне байланысты кейбір келе алмады. Бірақ, регби Федерациясының президенті Мұрат Уанбаев Өскеменде өтетін келесі, алтыншы кезеңге 20 команданың барлығы қатысатынына сенімді. Чемпионат 15 қазан күні жетінші кезеңмен өз мәресіне жететінін де айта кетті:

— Біз қала тұрғындарын осы спорт түріне қызықтырғымыз келеді, өйткені, регби Олимпиада ойындарының қатарына қосылуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда, регбимен айналысатындар саны мемлекеттік гвардия ұжымдарымен қоса есептегенде, 10 мыңға жетті. Сонымен қатар, спортшылардың бәсекелестігі мен шеберліктерін арттыру үшін әр ауданда бір командадан құру жоспарда бар. Айта кетсек, әйелдер құрама командасы Азия чемпионатының 14 дүркін чемпионы, сондай-ақ, Азия елдері командаларының ішінде үздіктердің қатарында, — деп бөлісті Мұрат Уанбаев.

Еске сала кетсек, ел біріншілігі жалпы 7 кезеңнен тұрады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ұжымдар  анықталады.  Әзірге, 5 кезеңнің нәтижесі бойынша  Талдықорған, Алматы  және Маңғыстау облысының командалары  көш басында тұр.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ТҮРКСІБ АУДАНЫНЫҢ МЕШІТКЕ КЕЛУШІ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

«Асыл мұра» бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағаттар арасында футбол лигасы жалғасуда. «Футбол лэнд» стадионында Түрксіб …