Басты бет / Әлем / ФИФА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАРЫНАН ҚҰРАЛҒАН ҚҰРАМАНЫ ЖАРИЯЛАДЫ

ФИФА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАРЫНАН ҚҰРАЛҒАН ҚҰРАМАНЫ ЖАРИЯЛАДЫ

Лондонда өткен марапаттау рәсімінде ФИФА — 2017-шы жылы алаңдағы өз орынында ең үздік ойын көрсеткен ойыншылардан құралған құрама тізімін жариялады. Бұл тізімге «Реалдың» бес ойыншысы кірді.

Дауыс беруге 25 мың кәсіби ойыншы қатысқан.

ФИФА нұсқасы бойынша 2017-шы жылдың ең үздік ойыншыларынан құралған құрама:

Қақпашы: Джанлуиджи Буффон («Ювентус», Италия);

Қорғаушылар: Дани Алвес («ПСЖ»/«Ювентус», Бразилия), Серхио Рамос («Реал Мадрид», Испания), Леонардо Бонуччи («Милан»/«Ювентус», Италия), Марсело («Реал Мадрид», Бразилия);

Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич («Реал Мадрид», Хорватия), Тони Кроос («Реал Мадрид», Германия), Андрес Иньеста («Барселона», Испания);

Шабуылшылар: Лионель Месси («Барселона», Аргентина), Криштиану Роналду («Реал Мадрид», Португалия), Неймар («ПСЖ»/«Барселона», Бразилия).

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …