Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ҰЛАН БАТЫРДА ӨТЕТІН «АЗИЯ БАЛАЛАР» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ ҰЛҒАЮДА

ҰЛАН БАТЫРДА ӨТЕТІН «АЗИЯ БАЛАЛАР» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ ҰЛҒАЮДА

Бутан Корольдігінің Ханзадасы: «Біз Сахалин мен Ұлан Батырда өтетін «Азия балалар» ойындарына қатысуға ниеттіміз»

Жақында Халықаралық «Азия балалар» ойындары Коимтетінің делегаттары Олимпиада Комитетінің шақыруымен Бутан Корольдігіне барды.

Айта кету керек, былтырғы жылдың маусым айында Бутан спортшылары VI «Азия балалар» ойындарына қатысқан болатын. Олар бокс, дзюдо, таеквондо, садақ ату және үстел үсті теннисі бойынша бақтарын сынады.

Корольдік Ханзадасы Джигъел Угъен Вангчук «Азия балалар» ойындары Коимтетінің делегаттарымен кездесу барысында бірлескен келісімге келіп, ойындарды қолдайтынын жеткізді.

«Біз балалар спортын дамытуға мүдделіміз. Ұлан Батыр мен Сахалинде өтетін ойындарға міндетті түрде қатысамыз. Болашақ жастардың және оларды тәрбиелейтін жаттықтырушылардың үлкен тәжірбие алаңы болмақ».

«Азия балалар» ойындары балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттауға арналған әлемдегі теңдессіз жобалардың бірі.

 

 

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …