Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ЕЛДОС ЕРМАХАНОВ ЗІЛТЕМІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

ЕЛДОС ЕРМАХАНОВ ЗІЛТЕМІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

 

Қызылордалық Елдос Ермаханов зілтемірді жатып сығымдап көтеруден  Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді!

Киллин (АҚШ) қаласында зілтемірді жатып сығымдап көтеруден Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі бәсекеде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Елдос Ермаханов 172,5 келі зілтемірді көтеріп, күміс жүлдені иеленді.

Елдос енді мамыр айында Литваның Каунас қаласында өтетін Әлем чемпионатына облыс құрамасымен бірге дайындалады.

Ол бұған дейін 9 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, жастар арасында Әлем чемпионы атанған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оны жарысқа Роман Ковалев пен Бақытбек Рысбаев дайындады.

 

Сондай-ақ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметіне Акимов Олжас Азатұлы …