Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / КӘРІСТЕР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ТУРАЛЫ БІЛМЕЙДІ ЕКЕН

КӘРІСТЕР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ТУРАЛЫ БІЛМЕЙДІ ЕКЕН

Атырау қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты жақындап қалды. Алғаш болып елімізге келген командалардың бірі Корея мемлекеті. Осы арада dodasport.kz порталы сіздерге жарысқа қатысушы ел өкілдері туралы қызықты мақалаларды ұсынады.

Бүгін біздің порталға Кореялық жас таеквондошы  Чве Юн Джин келді. Чве Юн 19 жаста. Кореяның Сеул қаласында тұрады. Қазір 11 сынып оқушысы.

2015 жылы Қытай қаласында өткен Халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанған. Корея елі біріншілігінде осы уақытқа дейін тек қана қола жүлдегер атанып келген. Биыл бағы жанып Корея чемпионы атаныпты. Ұлттық құрама қатарына кіріп Азмя чемпионатында бақ сынайды.

 — Юн Джин, таеквондо спортын таңдауыңа не себеп болды? Бұл спортқа қалай келдің?

— Мен әдеттегі Кореялық балалар секілді міндетті таеквондо үйірмелеріне барып жүрдім. Кейін қатты қызықты бола бастады. Кәсіпби спортшы ретінде осы спортпен айналысқаныма алты жыл болды.

— Кореяның жастар құрамасына ілігу қаншалықты қиын болды?

— Бізде іріктеу ең алдымен мектеп ішінде өтеді. Кейін мектептер арасында. Сондан кейін барып қалалар арасындағы сайыстар. Кореяның чемпионы болу үшін бірнеше кезеңнен өту қажет.

— Кореялық жас таеквондошылардың, жалпы сенің кумирің кім?

— Менің үлгі тұтар чемпионым Ли Дэ Хун. Ол Олимпиадада екі рет жүлдегер атанған. Екі дүркін әлем чемпионы. 63 келі салмақта оған тең келер ешкім жоқ деп ойлаймын.

Юн Джин бұрын-соңды Қазақстандық таеквондошылар туралы естімегенін айтады. Бірақ елде таеквондошылар көп екенін естіген.

— Атырау қаласына алғаш келгендегі әсерің қандай?

— Ең бірінші маған Қазақстанда ауа ұнады. Кореяда бұндай таза ауа бола бермейді. Одан кейін ғимараттар, жалпы қала үлкен екен. Біздің елде барлығы бір қатарда өте тығыз орналасқан. Бұнда өзімді үлкен кеңістікте жүргендей сезінудемін.

— Қазақстанға келмес бұрын біздің ел туралы қандай пікірде болдың?

— Интернеттен Қазақстан туралы көп іздедім. Ең бірінші маған Қазақстандағы қыздар өте әдемі деген ақпарат көрінді. Ресейге жақын суық және адамдардың бойлары ұзын болып келеді деп оқыдым. Бұл рас екен.

— Біздің қалада не ұнамады?

— Барлығы жақсы. Тек тамақ жағынан кішкене қиыншылықтар бар. Қонақ үйдегі тағамдар бізге аса ұнай қойған жоқ.

Кореялық таеквондошылар аптасына алты күн жаттығу жұмысын жүргізеді екен. Таңертең екі сағат, түстен кейін үш сағат. Және жаттығу уақытын жіберген спортшы қатаң жазаланып отыратын көрінеді.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Еліміздегі  табиғаты ең әдемі жерлердің бірі болып табылатын Алматы облысындағы Солдат шатқалында шаңғы спортынан Қазақстан …