Басты бет / Қысқы спорт / ЗАНКОВЕЦ «БАРЫСТЫҢ» ЖАҢА БАПКЕРІ

ЗАНКОВЕЦ «БАРЫСТЫҢ» ЖАҢА БАПКЕРІ

 

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері ауысты.

Жаңа бапкер қызхметіне 7 қыркүйектен бастап Беларусь маманы Эдуард Константинович Занковец тағайындалды.

Эдуард Константинович Занковец Беларусь елінің еңбегі сіңген спорт шебері. Қос бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы. Беларусь хоккей құрамасының алғашқы ойыншыларының бірі. Спортшы ретінде жеткен жетістіктерінің үлкені Олимпиада ойындарындағы төртінші орын.

Жаттықтырушы ретіндегі мансабын алғаш 2007 жылы Минсктік «Динамо» құрамасынан бастаған. 2010 -2011 жылдары Беларусь құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап «Авангард» құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалған. Бұл қызметтен ол 2015 жылдың наурыз айында босатылған.

«Барыстың» бұрынғы бас бапкері Андрей Назаров біраз уақытқа демалыс алмақшы. Айтуы бойынша келесі бапкерлік қызметін тек жоғары деңгейдегі құрамаларда атқарады.

 

Сондай-ақ

РУСЛАН ҚҰРБАНОВ СЕМСЕРЛЕСУ СПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Гонконгта семсерлесу спорты бойынша Азия құрлығының чемпионаты өтуде. Ерлер арасындағы жекелей сайыста отандасымыз Рулсан Құрбанов …