Басты бет / Басқа түрлер / БҮКІЛ ӘЛЕМДІК «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ». ЕКІНШІ КҮН

БҮКІЛ ӘЛЕМДІК «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ». ЕКІНШІ КҮН

 

Қырғызстан елінің Чолпон-Ата қаласында бүкіләлемдік «көшпенділер ойыны» өтуде.

2014 жылы Ыстық көл жағалуында бастау алған «көшпенділер ойыны» биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Әлемнің қырыққа жуық мемлекетінен келген 2000 спортшы спорттың 23 түрі бойынша бақ сынауда.

«Гюлеш» атты Әзірбайжан елінің ұлттық спорты бойынша жеңімпаздар анықталды. Бұл додада қазақ балуандары 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. 60 келі салмақта Сатбаев Дидар қола жүлде алды. 80 келі салмақта Мұзаппаров Ерсұлтан финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Әзірбайжан ұлтының ұлттық спорты түрінде Әзірбайжандықтар үш салмақ бойынша жеңіске жетті. Ал қалған екі ауыр салмақтың финалында Иран балуандары басым болды.

«Салбуурун» атты аңшылар мен құсбегілер бәсекесі өтті. Бұл додада Қырғыздарға тең келер ешкім болмады. Тек құсбегілік сайыста отандасымыз Жалғас Әкімбеков бәсекелестік танытып, қола жүлде еншіледі. Аңшылық сайыста және құсбегілік сайыста Жалғас Әкімбековтің қоласынан басқа жүлденің бәрін Қырғыздар алды.

Мас-рестлинг бәсекесінде отандастарымыз екі күміс және бір қола медаль еншіледі. Ерлер арасында 80 келі салмақта Роман Григорьев қола медаль иеленді. Әйелдер арасында 65 келі салмақта Эльмира Эзыями күміс және аса ауыр салмақта Сураи Шаропова қола жүлдегер атанды.

«Көк бөрі» яғни көкпар бәсекелері де басталды. Ер қанаты -ат, дегендей, ат үстінде еркін шапқан Қазақ батырларын көкпардан  жеңген кім бар? Әзірге ешкім жоқ! Қытай құрамасымен болған ойын 15:1 есебімен, Ресейдің Красноярск құрамасымен 15:2 есебімен біздің пайдамызға аяқталды. Келесі қарсыласымыз Қытай құрамасы.

Естеріңізге сала кетейік, екі күнгі жарыс қортындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 3қола медальмен жалпы есепте үшінші келеді. Алдымызда Ресей мен Әзірбайжан.

Сондай-ақ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметіне Акимов Олжас Азатұлы …