Басты бет / Әлем / УСЭЙН БОЛТ «ГАУҺАР ЛИГАСЫНДА» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

УСЭЙН БОЛТ «ГАУҺАР ЛИГАСЫНДА» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Сегіз дүркін әлем чемпионы Усэйн Болт Монакода «Гауһар лигасы» кезеңінде маусымдағы ең үздік көрсеткішке жетіп жеңімпаз атанды.

Ямайкалық спринтер осы жылы алғаш рет жүз метрлікті 9, 95 секундта бағындырды. Болт «Гауһар лигасына» соңғы алты жылдың ішінде алғаш рет қатысты және бұл спорттық жолындағы соңғы бәсеке болуы ықтимал. Бұдан бұрын спортшы Лондондағы әлем чемпионатынан кейін жеңіл атлетикамен қоштасатындығын мәлімдеген болатын.

Тамызда спринтер британдық астанада жүз метрлікке және 4×100 эстафетасында жүгіретін болады. Ал Монакода 400 метрік қашықтықта оңтүстікафрикалық Уэйд ван Никерк (43,73) мәре сызығын бірінші болып қиды, екінші және үшінші орындарды Ботсвананың желаяқтары Исаак Маквала (43,84) мен Баболоки Тебе (44,26) бөлісті.

inform.kz

Сондай-ақ

ФАБИО АРУ «ТУР ДЕ ФРАНСТЫ» БЕСІНШІ ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ

«Астана» командасының шабандозы Фабио Ару «Тур де Франс» қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады. Көпкүндік веложарыс …