Басты бет / Бокс / Әйелдер боксы / ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздиман суперауыр салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы британиялық Энтони Джошуамен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz.

Спортшы қыз Лас-Вегастағы кіші Флойд Мэйвезердің залында кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

АҚШ-та өтетін жекпе-жекте Балауса алғаш рет кәсіпқой рингте бағын сынайды. Геннадий Головкин мен кіші Флойд Мейвезерге қарап бой түзеп келе жатқан боксшы қыз спорттық мансабында біраз биіктерді бағындырып үлгерді. 2015 жылы Тайбэйде жастар мен юниорлар арасында өткен әлем біріншілігінде алтыннан алқа тағып, атын шығарған еді.

19 жастағы Балауса Мұздиман Алматы облысындағы әуесқойларға арналған бокс мектебінде тәлім алады.

Боксты жанына серік еткен бойжеткен спорттың бұл түрімен 8-сыныптан бері айналысып келеді. Айтуынша, бала кезде үнемі көрші ұлдармен бірге футбол, волейбол, тағы басқа ойындар ойнаған. Ал бокс үйірмесіне әкесі апарған екен.

14 жасында Балауса ірі турнирде – юниорлар арасындағы Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізеді. Кейін 2013 жылы юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде күміс медаль олжалаған.

4 жыл ішінде (13 жастан бастап) отандасымыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормасын орындап үлгерді. 2015 жылы еліміздің бокс федерациясы Балаусаны жастар арасындағы Қазақстанның үздігі деп те атаған еді.

Кәсіпқой рингте өнер көрсету Мұздиманның бала кезден бергі арманы екен.

Дайындаған: Нұргүл Әубәкірова. Baq.kz

 

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …