Басты бет / Басқа түрлер / ФУТБОЛДАН АУЛА ЛИГАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ФУТБОЛДАН АУЛА ЛИГАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Бешикташ» пен «Ростов» командалары футболдан аула лигасының жүлдегерлері атанды

Алматыда «Нархоз» университеті стадионында екі күнге созылған аула командалары арасындағы футбол жарысы аяқталды. «Спорттық Алматы»бағдарламасы аясында өткен жарысқа 1000-ға жуық ойыншылар қатысып бақтарын сынады.

Он бірінші рет өткізілген жарысқа 120 команда тіркеліп, оның жетпіс төрті 8-14 жас аралығына дейінгі қатысушылар болды. Бұл ойындар олимпиада жүйесі бойынша «Мaxi чай» компаниясының қолдауымен өткізілді. Жеіңмпаздар мен жүлдегерлерге сол комапанияның сусындары таратылып, диплом және медалдар табысталды.

Бірінші күні өткізілген балалар арасындағы теңбіл доп додасының нәтижесінде алтын медальді «Ростов»командасы алса, «Ахиллес» ойыншылары күміспен күптелсе, «Бешикташ» футболшылары қоланы қанаға ттұтты.

— Бүгінгі кездесулер өте жоғары деңгейде өтті. Екінші орын алсақ та, өте қуаныштымыз. Аладағы уақытта жеңісті күндеріміз көп болатынына сенімдімің, тек ары қарай дайындықты жалғастырып отырсақ болғаны, — деді «Ахиллес» командасның ойыншысы Оралбай Нұралхан.

Екінші күні өткізілген футбол додасында«Нави» командасы финалдық кездесуде «Думанды» жеңіп бірінші орын алса, үшінші орынды «South Proteam» ойнышылары иеленді.

Айта кетер жайт, аула командалары арасындағы футболдан жарыстар Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауы мен өткізіледі. Бағдарламының басты мақсаты қала қонақтары мен тұрғындарың бұқаралық спортты дамытуға негізделген.

 

 

Сондай-ақ

«ЭКСПО-2017 КУБОГЫНДА» ОЙНАЙТЫН ӘЛЕМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

«ЭКСПО-2017 кубогында» өнер көрсететін командалардың толық құрамы белгілі болды Әлем құрамасы: Александр Шовковский (Украина), Венсан Кандела …