Басты бет / Соңғы жаңалықтар / КАТАРДА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТПЕУІ МҮМКІН

КАТАРДА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТПЕУІ МҮМКІН

Алты араб мемлекеті Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) бірауыздан ұжымдық негізде хат түсірді. Онда 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысты біржақты мәселе бар.

Сауд Аравия, Йемен, Мавритания, БАӘ, Бахрейн, мен Египет елінің басшылары тарапынан ресми түрде хат келгенін  ФИФА төрағасы Джанни Инфантино растады.

Сонда алты араб елі Катарға қандай айып тағып отыр? Олардың ойынша, «Катар қазіргі таңда әлемдегі лаңкестікті жақтаушы немесе қаржылындырушы елдің біріне айналды. Сондықтан футбол ойынына келген жанкүйерлердің қауіпсіздігін олар мүлдем қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты 2022 жылы Катарда өтетін чемпионатты басқа құрлықта өткізу керек. Егер олай болмаған жағдайда жоғарыдағы алты ел чемпионаттың өткізілуіне қарсы болып, байкот жариялайды» делінген онда.

Алты араб елі ФИФА ұйымы жарғысының 85 – бабына сүйене отырып, арнайы хат жазған. Жазылған хатта  кенеттен болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы нақты атап көрсетілген. Енді ФИФА араб елдерінің ресми хатын негізге ала ма? Шын мәнінде Катарда футболдан әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін бе? Ендігі жағдай қалай болады? Қазір әлем бұл сауалға басты мән беріп отырғаны рас. Сауд Аравия, Йемен, Мавритания, БАӘ, Бахрейн, мен Египет елінің ресми өкілдері осыған байланысты ФИФА-ға мүше елдер арасында сауалнама жүргізуге дайын екендіктерін де мәлім етті. Енді бар үміт ФИФА ұйымының басшылығына тіреліп тұр.

Жалпы тарихта осыған ұқсас оқиғалар  орын алғанын да футболсүйер қауымның өкілдері ұмыта қойған жоқ. 1986 жылы ФИФА осы елдегі қалыптасқан күрделі жағдайға қатысты Колумбияда өтуі тиіс  әлем біріншілігін Мексикаға ауыстырғаны белгілі.

Ал енді Катардағы жағдай қалай шешілмек? Қазіргі уақытта ресми Доха алты мемлекеттің мәлімдемесін жоққа шығаруда. Әлем біріншілігінде барлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін айтып, сендіруде.

…Футбол да саяси сипат ала бастады-ау…

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ aikyn.kz

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …