Басты бет / Бокс / КУБА ҚАБЫЛАНДАРЫ ЕЛДЕРІНЕ ОРАЛДЫ

КУБА ҚАБЫЛАНДАРЫ ЕЛДЕРІНЕ ОРАЛДЫ

Әуежайдан қарсы алған Куба бокс федерациясының президенті боксшыларға: Куба туын жоғары ұстап көтердіңдер, әрқашан біздің мақтанышымыз боласыңдар. Сендер бокс әлемінің ең алдында келесіңдер, жарқын жеңістеріңмен тарихты жалғастыратындарыңа сенемін. Жеңіліссіз екінші орынға ие болдыңдар, әрине, біз алғашқы орынды өзіміз қайта жасап бере алмаймыз. Керемет кезең үшін рахмет, — деп сөзін жеткізді.

Куба командасының капитаны Хулио Сезар ла Круз: Біз осы кезеңдегі жеңістерімізге көңіліміз толады. Бірақ бұл жолы жеңісті елімізге әкеле алмадық. Бұл осы жылдың жақсы бастамасы, біздің команда өте мықты, Гамбургте өтетін Әлем Біріншілігінен бірнеше алтын алып келетін боламыз.

Куба командасы бапкері Роландо Асебал: Әрине кубокқа таласта бәсеке өте жоғары болды, есепті 5-2 жеткізіп, нүкте қою мүмкіндігінен айрылып қалдық. Төрешілердің шешімдері сәйкес келмей жатырды, бұл біздің алға жүруімізге қиындық туғызды. Қазақтар біз ойлағаннан да мықты дайындалған екен. Ендігі жоспар алдағы Әлем Чемпионатына дайындыққа кірісу.

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …