Басты бет / Кәсіпқой бокс / ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕНДЕР КЕЗДЕСУІ, ЭЮБОВ — ФДРДИКСОН НЕ ДЕЙДІ?

ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕНДЕР КЕЗДЕСУІ, ЭЮБОВ — ФДРДИКСОН НЕ ДЕЙДІ?


Бахтияр Эюбов (13-0-0, 11KO) Ақтөбе қаласы, Бруклинде жаттығады, 30 жаста — 146 фунт (66,6 келі) боксшысы, «Шоутайм» телеарнасында үшінші рет тікелей эфирден кездесуі көрсетілмек.

«Мен тек үздіктермен күш сынасқым келеді, маған қарсы шыққалы отырған Сонни — тәжірибелі боксшы. Керемет шоу болатынына сенімдімін. 4 тамызда оралуымды асыға күтетін боламын», — деді Эюбов.

Сонни Фредриксон (17-0-0, 11KO) Толедо қаласы, Огайо штаты, 22 жаста — 140 фунт (63,5 келі) боксшысы, Эюбов секілді бұл да карьерасындағы ең мықты қарсыласпен жолықпақ.

«Әлем алдында басқа бір жеңіліп көрмеген боксшымен рингке көтерілу, мен үшін өзімнің кім екенімді көрсету мүмкіндігі туып тұр. Өзіме келер болсақ, менде әлі көрсетер мықты тұстарым көп, мұны көрсету үшін өзін мықты санайтын және рейтингі жоғары боксшылардың шақыртуларын күтемін. Осы уақытқа дейін көп еңбектендім, енді осының жемісін көргіміз келеді», — Фредриксон.

Бұл екі боксшы арасында жекпе-жек, 4 тамызда MGM Grand Detroit аренасында (Мичиган шт.) 10 раундқа жоспарланған рейтингті кездесу болмақ, қай жеңгені өз салмағының үздік елулігіне кіреді.

Сондай-ақ

ИСА АҚБЕРБАЕВ ТАМЫЗ АЙЫНДА РИНГКЕ ОРАЛАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев өзінің жиырмасыншы жекпе-жегін тамыз айының төртінші жұлдызында Ресейдің Сочи қаласында …