Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АШИМОВ АРМАН ДАҒЫСТАНДЫҚТЫ НОКАУТҚА ТҮСІРДІ

АШИМОВ АРМАН ДАҒЫСТАНДЫҚТЫ НОКАУТҚА ТҮСІРДІ

Арман Ашимов, M-1 Chаllenge 81: «Таудағы айқас 6» турнирында, жеңіліс көрмеген, дағыстандық Гаджимурад Алиевты нокаутқа түсірді.

Ингушетия жерінде өткен М-1 Challengе 81: «Таудағы айқас 6» байрақты бәсекесінде жерлесіміз — Арман Ашимов жеңіліс көрмеген, 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, дағыстандық ұрыс шебері — Гаджимурад Алиевты 2 раундта нокаутпен ұтып, көк тумызды көкке көтерді!

Жерлесіміз жекпе-жек кезінде де өзін сенімді ұстады. Тейкдаундардан сенімді қорғаны біліп, раундтың аяғына дейін, өзі де тейкдаун жасап үлгеріп, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. 2 раунд бастала жатып Арман шабуылға көшті. Соққы алмасулардың біреунде Ашимов бір соққымен қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңістік сериясын тоқтатты!

Жекпе-жек аяқтала салып көк туымызді көкке көтеріп, «Алға!» деп айқайлады. Көрермендер де, комментаторлар да, қарсыласы да, Арманның осындай жекпе-жек көрсетуін мүлдем күтпеген!

 

Сондай-ақ

ФАБИО АРУ «ТУР ДЕ ФРАНСТЫ» БЕСІНШІ ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ

«Астана» командасының шабандозы Фабио Ару «Тур де Франс» қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады. Көпкүндік веложарыс …