Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ӘЛЕМ ФУТБОЛЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ АСТАНАҒА ЖИНАЛАДЫ

ӘЛЕМ ФУТБОЛЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ АСТАНАҒА ЖИНАЛАДЫ

Әлемдік футбол жұлдыздары Астанада өтетін EXPO-2017 Football Cup турниріне қатысады.

Аталған доданың форматы «Кубок легенд» турниріне ұқсайды (алаңда ойнайтын 5 ойыншы мен 1 қақпашы).

Елорда стадионында Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия мен әлем құрамасы кездеседі. Футболсүйер қауым Кевин Кураньи, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов пен тағы басқа футболшылардың ойынын тамашалауға мүмкіндік алады.

Қазақстан атынан турнирге отандық футбол ардагерлері –Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Әубәкіров, Мұрат Тілешев, Нұрбол Жұмасқалиев пен Андрей Финонченко қатысады.

Бұған қоса, 4 тамызда «EXPO-2017» көрмесінің аумағында жанкүйерлер әлемдік футбол жұлдыздарымен кездесіп, естелікке суретке түсіп, қолтаңба ала алады. 6 тамызда «Астана Арена» стадионында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері үшін шеберлік сағаты ұйымдастырылмақ.

Турнир кестесі мен матч алдындағы шаралардың медиа-жоспары жеребеден кейін белгілі болады.

Турнир «Астана Арена» стадионында 5 тамыз сағат 12:00-ден 17:45-ке дейін, ал 6 тамыз 14:30-дан 17:45-ке дейін өтеді.

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …