Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Күш қолданылатын спорт түрлері және спорттық жекпе-жек конфедерациясының ұйымдастыруымен биыл екінші рет «Конфедерация кубогі» өтеді.

Жеребе тарту рәсіміне Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысады. Аталған жарысқа еліміздің 16 өңірінің саңлақтары спорттың 5 түрінен жарысқа түседі. Жарыстың ерекшелігі бір мезетте көрермендер бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрлері бойынша сайыстарды тамашалай алады. 16 команда 4 топқа бөлінің қазан айында Ақтау, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Сол жарыста әр спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар желтоқсан айының 2-3 аралығында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақтарын сынайтын болады. Жүлде қоры 125 000 000 теңгені құрайды. Спорт түрі бойынша жеңіске жеткен команда 25 000 000 теңгеге ие болады.

 

Конфедерация Кубогінің жеребе тарту рәсімі бүгін, 22 шілдеде Астана қаласында өтті. Жеребе бойынша облыстар келесі топтарда бақ сынайды:

А тобы: БҚО, Алматы облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы;
B тобы: СҚО, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, ШҚО;
С тобы: Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы, ОҚО;
D тобы: Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы

Конфедерация Кубогі-2017. Жеребе тарту рәсімінің нәтижесі

Іріктеу кезеңдері келесідей өтеді:
7-8 қазан — Тараз қаласы D тобын қабылдайды
14-15 қазан — Талдықорған қаласы А тобын қабылдайды
21-22 қазан — Шымкент қаласы С тобын қабылдайды
28-29 қазан — Ақтау қаласы В тобын қабылдайды

Сондай-ақ

ММА: ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫН СҰЛАТЫП ТҮСІРДІ

ММА бойынша спорт шебері, Қытайдағы қандасымыз Қуаныш Өскенбекұлы осы елде өткен аралас жекпе-жекте бесінші жеңісіне …