Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / ДЖИУ-ДЖИТСУ — БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЙЫНДАРҒА КІМДЕР БАРАДЫ?

ДЖИУ-ДЖИТСУ — БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЙЫНДАРҒА КІМДЕР БАРАДЫ?

Халықаралық Олимпиада Комитеті мен Бүкіләлемдік ойындар қауымдастығы ұйымдастыруымен 20-30 шілде аралығында Бүкіләлемдік ойындар 2017 өтеді. Бүкіләлемдік ойындар — бұл Олимпиада ойындарынан кейін араға бір жыл салып өткізілетін, Олимпиадалық емес спорт түрлерін біріктіретін үлкен ауқымды дода.

2017 жылғы  Бүкіләлемдік ойындарда спорттың 37 түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Оның арасында муай-тай, каратэ, джиу-джитсу, парашютпен секіру, гимнастиканың түрлері, сумо, құзға өрмелеу, боулинг, спорттық би, сквиш, бильярд секілді спорттың түрлері бар. Ойындар Польшаның  Вроцлаве қаласында өтеді. Бізде бар деректерге сүйенсек, жарыстың ұйымдастырылуына 40 миллион доллар қаржы жұмсалмақ. Одан бөлек, әлем елдерінен 3500 қатысушы келеді деп күтілуде.

Соңғы рет  Бүкіләлемдік ойындар 2013 жылы 27 маусым мен 4 шілде аралығында  Колумбияның Кали қаласында өткен болатын.

Жақында ғана Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығы атынан жалғыз лицензияны Сапармұрат Нұрмұханбетов еншіледі. Сапармұрат джиу-джитсудың файтинг түрі бойынша 77 келіде ел намысын қорғамақ. Ел чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы, тұрлі Халықаралық жарыстардың жеңімпазы бүкіл Қазақтандағы джиу-джитсудың туын көтермек.

Муай-Тай спорты бойынша Әбіл Галиев ойындарға қатысады. Дәл қазіргі күні Қазақстандық спортшылар ойындарға қанша лицензия иеленгені белгісіз.

 

 

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

  Маңғыстау былтырғы жетістігін қайталай ала ма? Оңтүстіктің боксшылары не дейді? Алматы да қалар емес. …