Басты бет / Бокс / Астана Арландары / «АСТАНА АРЛАНДАРЫНЫҢ» WSB ФИНАЛЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

«АСТАНА АРЛАНДАРЫНЫҢ» WSB ФИНАЛЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Астана Арланс» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалында кубалық «Куба Домадорес» боксшыларымен күш сынасады. 

Гаванада өткен қарымта кездесуде «Куба Домадорес» боксшылары колумбиялықтарды 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңіп, қос кездесу нәтижесі (7:3) бойынша финалға жолдама алды. Алғашқы сында «Колумбия Хероикос» командасы сәл басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, WSB жартылай финалында «Астана Арланс» британиялық «Бритиш Лайнхартс» ұжымынан 7:3 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

  Маңғыстау былтырғы жетістігін қайталай ала ма? Оңтүстіктің боксшылары не дейді? Алматы да қалар емес. …