Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ММА-ДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ММА-ДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

Қазақстандық ММА шеберлері Азия чемпионатына қатысу үшін Сингапурға аттанады.

Азия чемпионатында Қазақстанды ММА ұлттық құрамасының жаңартылған құрамы таныстыратын болады. IMMAF (International MMA Federation) халықаралық ұйымы ММА бойынша бірінші ашық Азия чемпионаты 12-16 маусым аралығында Сингапурде өтеді.

Азия чемпионатында Қазақстанның намысын түрлі салмақ дәрежесіндегі аралас жекпе-жек шеберлері кіретін ММА бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасы қорғайды. Олар:
52,2 кг дейін (әйелдер) — Аян Тұрсын (Алматы қ.);
56,7 кг дейін — Ерназ Мұсабек (Астана қ.);
61,2 кг дейін — Олжас Молдағалиев (Атырау облысы);
65,8 кг дейін — Бекзат Жасия (Оңтүстік Қазақстан облысы);
65,8 кг дейін — Джахар Шапхатов (Атырау облысы);
70,3 кг дейін — Джохар Таймұсханов (Ақмола облысы);
77,1 кг дейін — Жан Кенжебаев (Алматы қ.);
83,9 кг дейін — Мейрамбек Демеубаев (Астана қ.);
93 кг дейін — Құдайберген Төлеубаев (Қарағанды облысы).

Жарысқа 14 елдің 66 спортшысы қатысады.
inform.kz

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

  Маңғыстау былтырғы жетістігін қайталай ала ма? Оңтүстіктің боксшылары не дейді? Алматы да қалар емес. …