Басты бет / Басқа түрлер / РУСЛАН ҚАҢТАРБАЕВ: «СҰҢҚАР» ТРАМПЛИНДЕР КЕШЕНІ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК БЕСТІККЕ КІРЕДІ

РУСЛАН ҚАҢТАРБАЕВ: «СҰҢҚАР» ТРАМПЛИНДЕР КЕШЕНІ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК БЕСТІККЕ КІРЕДІ

Шетелдік сарапшылар «Сұңкар» халықаралық трамплиндер кешенін әлемдегі үздік бестікке енгізді. Бұл жайында спорт нысанының басшысы Руслан Қаңтарбаев мәлімдеді. Сонымен қатар, ол алға қойған жоспарларымен бөлісті.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің ерекшеліктері жайлы айтып берсеңіз?

— Жалпы спорттық кешен барлық халықаралық талаптарға сай жабдықталған. Яғни, К-125 және К-95 трамплиндерінде кез келген деңгейдегi iрi жарыстарды ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ, 2013 жылдың мамыр айында ашылған 60, 40, 20 метрлік тұғырлар спортшыларымыздың жаттығу жұмыстарын жүргізулеріне де, болашақ чемпиондарымызды тәрбиелеуге де өте ыңғайлы. Біздің трамплиндер кешенінің аса мақтан тұта алатыны – бұл асқан заманауи медиа-орталық. Біздің спорттық шараларды on-line режимде әлемнің кез-келген нүктесінен көре алуға мүмкіндік бар.

2011 жылы трамплиндер кешенiнiң ашылу құрметiне құрлықаралық кубок додасы өткiзiлдi. Елiмiзде өткен қысқы Азия ойындарының қарсаңында салынған бұл кешенде, осы күнге дейін әлемдiк деңгейдегi iрi бес жарыс өткiзiлді. Ал кешендегi байрақты бәсекелерді шамамен 5500 адам тамашалай алады. Сондай-ақ, бүгінде жас «қанатты шаңғышыларымызға» барлық жағдай жасалған.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені 2010 жылдың 20 қыркүйегінде ашылғанымен, оның тарихы тереңде жатқанын көп адам біле бермейді. Еліміздегі трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы спортының тамыры терең тарихы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінің өткенімен астасатыны анық.

— Келешектегі даму жоспарында тағы да қандай инфрақұрылымдар салынбақ?

— Кешен дамуының болашақ жоспарында — екі зал, бассейн, қонақ үй және жатақханасы бар мектеп салу.Қазақстан өз спорттық келешегін ойлауда және болашақ олимпиада чемпиондарын дайындауға бар жағдай жасалуда. Біз басқа да спорт түрлерін дамытуды жоспарлаудамыз. Екі жыл ішінде салынып бітеді деген ойдамыз.

 

— Мұндай ауқымды кешенді материалдық жағынан қамтамасыз ету қиын емес па?

— Бассейн, қонақ үй салынып болған соң, өзін-өзі қамтамасыз етеді деген ойдамыз. Қазіргі таңда, ол мемлекет бюджетінің арқасында жұмыс істеуде. Біздің спорт кешеніміз әлемдік деңгейдегі жарыстарды да жоғары деңгейде ұйымдастырамыз. Оған дәлел, Азия ойындары мен қысқы Универсиада-2017.

— Алматы тұрғындары бұл кешенді қалай пайдалана алады?

— Біздің кешен барлығына ашық. Кешен маңында үш мейрамхана, фитнес залы жұмыс істеуде. Адамдар келіп, спортпен шұғылдана алады. Айта кетсек, трамплиннен секіруден Қазақстан құрамасы мен балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқушылары бізде тегін жаттығады.

 

— Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені Алматы қаласының бірегей көрнекті жеріне айнала алды ма?

— Әрине, Медеу, Шымбұлақ сияқты біздің кешен де, Алматы шатқалының көркем жерлерінің бірі. Қала қонақтары міндетті түрде шаңғы трамплиндерін көруге келеді. Сондай-ақ, құрметті қонақтардың ішінде, Әзербайжан, Ресей мемлекеттерінің басшылары мен принц Альберт. Олардың алған әсерлерін сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Кешен өте әдемі жерде орналасқан. Ол қала орталығында орналасқандықтан, барлық жерден көрінерлік. Кешенге кіру тегін. Келушілер саны айтарлықтай көп, әсіресе ауқымды спорттық шаралар кезінде.

Айта кететін жайт, мен Австрия елінде өткен Олимпиада ойындарында болғанда, олардың шаңғы трамплиндерін көргенмін. Инцбургтің кешенімен салыстырғанда, біздің шаңғы трамплиндері кешені әлдеқайда жақсы жасақталған. Мұнда, спорттық шаралармен қатар, мәдени мерекелер де өткізіледі. Соның бірі «Алматы – менің алғашқы махаббатым», әлемдік және отандық жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерттер, саяси шаралар және басқалары. Мұндай бұқаралық шаралар қатаң бақыланады, 230 бақылау камералары бүкіл кешенді қамтиды. Тағы да бір ерекшелік, спорттық шаралар әлем бойынша Казспорт пен Евроспорт телеарналарында тікелей эфирде көрсетеді.

 

Трамплиннен секіру спорт түрін ел арасында қалай танытуға болады?

— Бұл жаңа спорт түрі, бірақ оны дамытып, ел арасында насиxаттауға тырысып жатырмыз. Қазіргі таңда, ақпаратты-спорттық ХАБ-пен қызмет істеудеміз. Олар біздің шараларды, мерекелерді хабарлауға, ел арасында танытуға көмектеседі деген ойдамыз. Трамплиннен секiруден елімізде өтетін халықаралық жарыстарға әлемнiң тұрақты түрде Польша, Жапония, Германия, Словакия, Чехия, Эстония, Нидерланды, Ресей, Австрия, Корея, Словения сынды мемлекеттер тұрақты түрде қатысады. Яғни, кешенде өтетін айтулы додалар кезінде орта есеппен 60-қа жуық спортшы бас қосады. Қазақстан намысын бұл сындарда Олимпиада ойындарының қатысушылары Николай Карпенко, Радик Жапаров, Алексей Короле, Юрий Никитин және өзге де спортшыларымыз қорғайды. Еске сала кетсек, Азия ойындарында екі алтынды олжалаған спортшыларымыз Карпенко мен Левкин бұл спорт түріне қызығушылықты арттырды. Өйткені бүгінде біздің кешенде жаттығатын балалар саны өсіп келеді. Атап өтсек, жаттығулар тегін, қыс-жаз бойы өтеді. Әмбебап тұғырларда қарда ғана емес жасанды төсенішпен сырғанап, секіруге де болады.

— Қандай спорттық шаралар келешекте ұйымдастырылмақ?

— Бізде күн сайын жаттығулар өтеді. Ал күзде Әлем кубогының кезеңін өткізу жоспарда бар. Бүгінде біздің «қанатты шаңғышыларымыз» үшін бұл мемлекет тарапынан жасалған үлкен сый деуге болады. Себебі, осы күнге дейін біздің кешен — ірі спорттық оқиғалардың бірегеі куәгері. Сондай-ақ, мұнда болашақ чемпиондарымыз, яғни спорт мектептерінің тәрбиеленушілері де келіп, оқу жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан біз спортшыларымыздан тек биік белестерді бағындыруларын ғана күтеміз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА СПОРТ КҮНІ РЕСМИ ТОЙЛАНДЫ

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында спорт күніне арналған мерекелік шара өтті. Спорт саласының дамуына үлес қосқан …

Добавить комментарий