Басты бет / Басқа түрлер / АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА КЕЗЕКТІ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ӨТЕДІ

АУЛА КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДА КЕЗЕКТІ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ӨТЕДІ

6-ші тамыз күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында  футболдан аула командалары арасында жарыс өтеді.

Жарысқа сегіз жастан жоғары барлық жеткіншектер бақтарын сынай алады.

Футбол ойындары «Мaxi чай» компаниясының қолдауымен Қазақ Ұлттық Университетінің футбол аланында өтпек. Олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді – кіші, «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін және үлкен — «Б» лигасы – 15 жастан жоғары.

Регламентке сәйкес, әр команда 8 ойыншыдан құрастырылады, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен бірге.

Жарысқа тіркелу ақысыз түрде ойын алдында басталады. Айта кетсек, 8-14 жастар аралығындағы ойындар сағат 08:00-де өтсе, ал 15 жастан жоғары футболшылар арасында  сағат 13:00-де басталады.

Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдермен мараптталады, сонымен қатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады.

«Спорттық Алматы» жобасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Мекен-жайы:

Қазақ Ұлттық Университетінің футбол алаңы, Аль-Фараби, 71/20.

 

Сондай-ақ

ҚАЙРАТ АХМЕТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов Макаода 5 тамызда өткен ONE Championship халықаралық турнирде жеңіліс …