Басты бет / Бокс / САДРИДДИН АХМЕДОВ: ӨЗБЕК БОКСШЫСЫНАН ЕСЕМДІ ҚАЙТАРҒЫМ КЕЛЕДІ

САДРИДДИН АХМЕДОВ: ӨЗБЕК БОКСШЫСЫНАН ЕСЕМДІ ҚАЙТАРҒЫМ КЕЛЕДІ

69 келі салмақта бокстан ұлттық құраманың намысын қорғап жүрген Садриддин Ахмедов сұхбат беріп, алдағы жоспарымен бөлісті.
– Ұлттық құрамада панчер ретінде көзге түсіп жүрсің. Шаршы алаңға шыққанда қарсыласымды нокаутқа түсірем деп алдыңа мақсат қоясың ба?

– Әр кездесуде жеңіске жетемін деп шығамын. Барлық қарсыласыңды талдыру мүмкін емес. Әсіресе, әуесқой бокста. Бірақ жанкүйерлерге ұнайтындай қызықты бокс көрсетуге тырысамын.

– Көп боксшылар алғашқы раундта қарсыласының қарымын байқап, зерттеп, келесі раундтардан бастап шабуылға шығады. Сенің стилің қандай?

– Шаршы алаңға шыға салып, қарсыласымды бас салмаймын. Барлық боксшылар секілді бірінші раундта қарсыласымды зерттеймін. Негізі, алғашқы раундтан соң қарсыласыңның қандай деңгейде екенін аңғаруға болады.

– Қай боксшымен жұдырықтасқың келеді?

– Ең бірінші кезекте өзбек боксшысы – Шахрам Гиясов. Кеткен есемізді қайтарғым келеді.

– 69 келі қазақтың салмағы. Жауапкершілікті сезінесің бе?

– Әрине, осы 69 келіде жұдырықтасып жүргеніме қуаныштымын. Бұл салмақта екі есе жауапкершілікті сезінесің. Ағаларымның жолын жалғап, еліміздің намысын қорғауға дайынмын.

– Сөз соңында болашақ жоспарыңмен бөліссең.

– Болашақта көк туымызды желбіретіп, Головкин секілді жоғары деңгейлі боксшы атанғым келеді. Әуесқой бокста үлкен биіктерді бағындырып, әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары секілді жарыстарда топ жарсам деген үмітім бар. Сосын кәсіпқой бокста қазақтың атын әлемге паш етсем деген арманым бар.

Сондай-ақ

ФУТБОЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕР

Дүйсенбіден ала доптың айналасындағы болып жатқан жағдайлар үш ұйықтасаң түсіңе енбес оқиғаларымен таң қалдырып келеді. …