Басты бет / Велоспорт / СҰМДЫҚ ТРЮК ЖАСАҒАН ВЕЛОШАБАНДОЗ

СҰМДЫҚ ТРЮК ЖАСАҒАН ВЕЛОШАБАНДОЗ

Танымал велоэкстремалшы Витторио Брумотти экстремалды жанрда түсірілген кезекті роликті жариялады. Осы жолы ол Crand Canyon-да өзінің өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода велошабандоз екі дөңгелекті көлігімен жоғары биіктікте тастан тасқа секіргенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы белгілі велоэкстремалшы Витторио Брумотти «Astana Pro Team» велокомандасының мүшесі атанған болатын. 36 жастағы италиялық Брумотти Гиннесс кітабында бірнеше мәрте рекорд орнатқан болатын. Осы орайда ол биік көпірлерде, баспалдақтарда өмірге қауіпті трюктер жасаған еді.

Былтыр Астанада велошабандоз қар үстінде трюк көрсеткен. Гранд-Каньон АҚШ-та орналасқан және әлемдегі ең терең әрі қауіпті канионның бірі болып табылады. Оның тереңдігі 1,8 шақырымға жетеді. Айта кетейік, 12 тамызда Астанада «Тур ЭКСПО-2017» веложарысы өтеді. Оған 15 елден 20 команда қатысалы деп күтілуде.

Осы спорттық шара аясында Витторио Брумотти де өз өнерін паш етпек. Ол Астанаға 10-11 тамызда келеді деп жоспарланып отыр.

inform.kz

Сондай-ақ

ДЕНИС ТЕН КОРЕЯДАҒЫ АТАҚТЫ БАБАСЫНЫҢ ЗИРАТЫНА БАРДЫ

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Оңтүстік Кореядағы өзінің атақты бабасы …