Басты бет / Бокс / БАС БАПКЕР — МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ

БАС БАПКЕР — МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ

2013 және 2014 жылдардың қорытындысы бойынша 2 мәрте дүние жүзінің ең үздік жаттықтырушысы атанған Мырзағали Айтжанов сегіз жылдан астам уақыттан бері бокстан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін абыроймен атқарып келеді.

Әлем мойындаған Айтжанов

Қазақтың спорт мамандарының ішінде екі жыл қатарынан жер шарының ең үздік жаттықтырушысы атанған жалғыз маман – Мырзағали Айтжанов. Бұл атаққа Мырзағали табанақы, маңдай терімен қол жеткізді. Біле білген адамға бұл – бүтін бір ұлттың мерейі! Егер ұстазым, қазақ спорт әдебиетінің негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлдың тұсында қазақ жат тықтырушысы осындай мәртебеге жет се, ол кісі түн ұйқысын қиып, рес пуб ликалық беделді басылымның бірі не көлдей, бірақ сондай тартымды мақа ла сын дуылдатып жариялаған болар еді. Сейдахмет ағам айтушы еді: қуанатын нәрсеге қуана да білу керек, деп. Біз Айтжановтың әлемдік деңгейдегі табысына күнде қолға түсетін олжа тәрізді қараған секілдіміз. Мырзағали кезінде жұдырығы тас жаратын боксшы болды. Жекпе-жектерінің басым бөлігінде қарсыластарын есең гі ре тіп ұтты. Жастар арасында Кеңес Одағы кубогының күміс жүлдегері, КСРО және Еуропа чемпионы. Жастықтың буымен шалт басқан тұстары, бапкері ауысып, ба бы тайған кездері тағдырына тура келген сы нақ екені анық. Әйтпесе, Айтжановтан оң бай таяқ жеген жігіттер одан атақ жа ғынан асып та жатты. Мырзағали болса, 26 жасында жаттықтырушылық жолды таңдады.

Уытты, қарымды жігіт рингтегі есесін осылай қайтаруға бекінді. Еңбегі еш кеткен жоқ. Құлағынан күн көрінетін, жұ ды рықтай ғана Біржан Жақыпов 2005 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Араға жыл салып Еркебұлан Шынәлиев жастар арасында әлем чемпионатының күміс тұғырына көтерілсе, 2007 жылы 20 жасында ересектер арасындағы әлем чемпионатында үшінші тұғырдан көрінді. 2008 жылғы Олимпиада ойындарында Еркебұлан қола медальды еншілесе, осы жылы Біржан Жақыпов Әлем кубогының қола жүлдегері атанды. Айтжановтың шәкірттерінің ішіндегі ең дарындысы Еркебұлан Шынәлиев Бейжің олимпиадасынан кейін, небәрі 21 жасында боксты біржола доғарды. Сөйтіп, екі бірдей төл шәкірті әлемдік деңгейде олжа салған Мырзағали Құланұлы 2009 жылдың күзінде Қазақстан бокс федерациясының сол кездегі президенті Тимур Құлы ба ев тың қолдауымен және спорт мини стрі Темірхан Досмұхамбетовтің ма құл дау ы мен ұлттық құраманың бас бапкері қыз ме тіне тағайындалды.

Айтжанов ұлттық құрамаға еліміздегі ең таңдаулы жаттықтырушыларды тартты. Өзінің ұстазы Нұрғали Сафиуллин – Олимпиада және әлем чемпионатының жүл дегерлері Мұхтархан Ділдәбеков пен Қанат Ислам, КСРО халықтары спар такиадасының жеңімпазы Қанатбек Ша ғатаев, Азия ойындарының чемпио ны Нұржан Сманов секілді айтулы спорт шыларды баптаған маман. Алек сандр Стрельников – Олимпиада же ңім пазы, әлемнің екі мәрте чемпионы Серік Сәпиевтің ұстазы. Марат Елеусінов – Олимпиада және әлем чемпионы Да нияр Елеусінов пен Азияның қола жүл дегері Дәурен Елеусіновтің әкесі әрі бап кері. Марат Жақиев – әлем чемпионы Ердос Жаңаберген мен Олимпиада ойын да рының, әлем чемпионатының кү міс жүлд е — гері Әділбек Ниязымбетовтің жә не әлем че мпионатының қола жүл де гері Берік Әбдірахмановтың жаттық ты рушысы.

Осындай майталман бапкерлерді ұлттық құрамаға шоғырландырған Мырзағали Құланұлы жартығасырлық тамаша дәстүрі бар қазақ боксын жаңа белеске көтеруге білек сыбана кірісті. 2013 жылы қазақ жігіттері әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған асуға табан тіреді. Алматыдағы әлем біріншілігінде біздің боксшылар 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды еншілеп, дүние жүзі бойынша командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Осы сында Біржан Жақыпов чемпион атанса, Мырзағалидың тағы бір шәкірті Қайрат Ералиев қола жүлдеге ие болды. Мұның алдында Айтжановтың командасы Иорданияда өткен Азия чемпионатында 7 «алтынды» олжалаған еді. Бұл – қазақ құрамасының Азия чемпионаттарындағы рекордтық нәтижесі.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Мырзағали Айтжанов 196 мемлекеттің бокс федерациясын біріктіретін АИБА-ның ұйғаруымен жұмыр жердің ең таңдаулы жаттықтырушысы мәртебесіне ие болса, Данияр Елеусінов әлемнің ең үздік боксшысы атанды.

Мырзағали баптаған құрама 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында да рекордтық белестен көрінді. Бұған дейінгі бес Азия ойындарында үш алтын медальдан артық олжалап көрмеген қазақ боксшылары осы жолы 6 алтын жүлдені қанжығаға байлады. Он салмақтың алтауында қазақтар топ жарды! Азия құрлығында 40-тан астам ел барын ескерсек, бұл дегеніңіз талай алпауыт мемлекеттің түсіне де кірмейтін жетістік. Осындай тым сирек болатын жеңістің нәтижесінде және әлемдік рейтингте Б.Жақыпов, Д.Елеусінов, Ж.Әлімханұлы, И.Дычко секілді шәкірттері жеке-дара көш бастап, бұған қоса тағы үш-төрт спортшысы үздік үштікке енген Мырзағали Айтжанов 2014 жылдың соңында әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атағына екінші мәрте ие болды.

Ұлттық рухы биік құрама

Мырзағали темірдей тәртіптің адамы. Ұлттық құрамаға қанша рет жолымыз түсті, рингте дауыл тұрғызатын отты жігіттердің оғаш қылығын көрген емеспіз. Қарсы келіп қалсаң, ығысып жол береді. Құрамаға кейін қосылған жастардың өзі қазақи тәрбиеге, қалыптасқан қағидаға тез көндігеді. Өйткені, Мырзағали қажет ке зінде тым қатал, керек тұсында мейір бан. Ол табиғатынан сезімтал жан. Жа ра тылысынан бойға дарыған осы қа си етінің арқасында Айтжанов құра ма дағы ау малы-төкпелі жағдайларды тап басып отырады. Ал елдің әр қиырынан жиылған кілең серкені шашау шығармай ұстай білуі – оның бойындағы кесек мінездің, ақыл-парасаттың белгісі.

Кейбір жаттықтырушылар төл шәкірттерінің қисық-қыңыр мінезін, тұр мыстық, отбасылық өмірдегі қиюы қа ша бастаған жағдайларды Мыр за ға лимен кеңесе отырып, түзеуге ты ры сады екен. Айтжанов мұндайда оқы ған-тоқығанына, интуициясына сүйе неді. Қашанда әділдікке басады. Тас тай қатып қалатын жерде Мыр за ғалиды бетінен қайтара алмайсың. Ал мәселені таразыға салып, ақылмен шешетін тұста көпті тыңдай біледі. Бірақ кесімді сөзге келгенде төтесінен тіліп түседі.

Бокстың маңайында ығай мен сығай көп. Кейде бір салмақтағы екі боксшының төңірегіндегі тартыс құрама шеңберінен асып, биік мансап иелерінің құзырына бір-ақ жетеді. Боксшының бірі басым тұрса да, екінші жағы мойындағысы келмейді. Жеңген жігіттің кемшілігін те реді, сүрінген тұсын бадырайтып көр с е теді. Сондайда Мырзағали қасқиып, әділ дік жолында көлденең жатып алады. Кім нің алдында болсын, турасын айтады. Сол ірілігімен құрамадағы жігіттерге жақ қа нымен, өркеуде шонжарларға ұнамай қалатыны бар. Бұрын ұлттық құрамаға ық палы жүрген небір кеуделі, пысық жігіттер Мырзағали келгелі команданың ішкі шаруасына жөнсіз кірісе алмайтын болған.

Біздің байқағанымыз, Мырзағали келе жатқанда құрамадағы әлем мойын да ған, атақ ты спортшылардың өзі артық сө з- ден тыйылып, қалыпты тәртіптен аспауға тырысады. Кеңес Одағы кезінен бокс құрамасының жағдайына қанық белді мамандар дәл қазіргідей тәртіп ұлттық құрамада ешқашан болған емес, дегенді ашық айтады. Солардың бірі – атақты былғары қолғап шебері Серік Қонақбаевтың бапкері Юрий Цхай.

Тағы бір сүйсінетін жағдай, ұлттық құрамада ұлттық рух бар. Құраманың жиналыстары қазақ тілінде өтеді. Василий Левит, Антон Пинчук, Иван Дычко секілді боксшылар Қазақ елінің әнұранын жатқа айтады. Жігіттердің бәрі Мырзағалидың алдында сымдай тартылып тұрады.

Әнұран демекші, құрама күнделікті тір лігін әнұранмен бастайды. Оқу-жат тығу жиынының алғашқы күні ән ұранды команда капитаны Данияр Елеу сінов бас таса, әрі қарай салмақ дәре жесіне қарай жылжып отырып, кезек Василий Левит пен Иван Дычкоға жетеді. Жігіттердің бірі бастай жөнелгенде қалған боксшылар саңқылдап, іліп әкетеді. Бапкерлер алқасы да қолын жүрек тұсына қойып, әнұранды жігіттермен жарыса беріле шырқайды.

Мырзағалидың қазақи танымының, ұлт тық намысының арқасында Левит, Пинчук, Дычко секілді жігіттер ана тілі мізді түсінетін жағдайға жетіпті. Се бебі, бірнеше жыл бойы жаттығу жи ын дары мен басқосулар үздіксіз қа зақ ша жүргендіктен, бұл спортшылар қа зақи ортаға
кәдімгідей бейімделіп, тө селіп қа лыпты. Елдегі спорттық нәтиже жа ғынан ең мықты құраманың қазақи сипатта болғаны біз үшін зор мақтаныш.

Кітап пен күнделік 

Айтжанов тарихи танымы қалыптасқан азамат. Дүниежүзілік додаларға бүтін бір мемлекеттің бас құрамасын бастап баратын маманның рухани жағынан бай, көзіқарақты, халқымның табанына кірген шөгір менің маңдайыма қадалсын, дейтін ұлттық мүддесі күшті маман бол ғаны қандай ғанибет. Мырзағали Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» кітап тарын жастайынан оқыды.

Жақында сөйлескенімізде «Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» 1988 жы лы оқып едім, қайталап шықтым», деді. «Темірхан Досмұхамбетовтің «Когорта слав ных», Несіп Жүнісбайұлының «Олимпиада маршруты» кітаптарын сүй сініп оқыдым», дейді. Басқаны қай дам, өз басым қазақ бапкерінің кітап оқы ғанын қалаймын. Ұстаз, әсіресе, тари хи дүниелерге жақын болса, ұрпақ тәр биесіне пайдасы көп болмақ. Мыр зағали Құланұлы халқымыздың ардақты батыры Бауыржан Момышұлын ерекше қадір тұтады. Баукеңнің «Тәртіпке бас иген құл болмайды», деген қанатты сөзін қажет жерінде айтып отырады. Өзі де осы принципті берік ұстанады.

Айтжановтың тағы бір қасиеті, күнде лік ті қым-қуыт шаруадан қолы қалт еткенде күнделік жазады. Өз басым оның бүйірі томпайған екі күнделігін көрдім. Өзі сөз арасында: мұнда талай қызықтар бар, деді. Сегіз жарым жылдан бері елі міздің ең таңдаулы 40 боксшысын тал май баптап жүрген Мырзағалидың күн делігінде біздің чемпиондар жайлы талай сыр тұнып жатқаны анық.

Сондай-ақ

БОКСПЕН ТЫНЫСТАҒАН ЗЕЙНЕТКЕР — АТЫРАУ БОКСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Атырау облысында әйелдер боксының құрылғанына 7 жыл шамасында болды. Осы арада қыздарымыздың жеткен жетістіктері де …