Басты бет / Басқа түрлер / АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Арыстанбек Мұхамедиұлы XXIII Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы 7 медальмен жарысты 25-ші орында аяқтады.

Біздің қоржында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. Бұл біздің құраманың Сурдлимпиада ойындары тарихында жеткен ең үздік көрсеткіші. Аян Әбдраш 58 келіге дейін салмақта таеквондодан алтын медаль жеңіп алса, дзюдошы Шаяхмет Қанапьянов 66 келіге дейін салмақта күміс медаль иеленді. Сурдлимпиада ойындарының қола медалі 68 келіде өнер көрсететін таеквондошы Валентина Антоненкоға бұйырды, грек-рим күресінің шебері Хайтархан Шонгу 130 келіге дейінгі салмақта мықтылығын байқатып, қола медальді қанжығасына байлады, каратэден 61 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Елена Салминаға да қола медаль бұйырды. Еркін күрес шебері Асылжан Тажиев 97 келіге дейін өнер көрсететін спортшылар арасында қола медальді ұтып алды. Сонымен қатар, үстел теннисінен командалық жарыста біздің команда үшінші орынды иеленді. Қазақстан намысын 2016 жылғы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегерлері Данияр Ескендіров, Қанат Қонқыбаев және Гаип Данияров қорғады.

Естеріңізге салайық, XXIII Сурдлимпиада ойындары шілденің 18-30 аралығында Түркияның Самсун қаласында өткен болатын.

Төртжылдықтың басты ойынына есту қабілеті нашар үш мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 9 спорт түрі бойынша 50-ге жуық спортшы барды. Олар еркін және грек-рим кү

Baq.kz

Сондай-ақ

ҚАЙРАТ АХМЕТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов Макаода 5 тамызда өткен ONE Championship халықаралық турнирде жеңіліс …