Басты бет / Слайдер / «АСТАНА» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ

«АСТАНА» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ

Тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» ФК сырт алаңда варшавалық «Легия» клубына қарсы қарымта кездесу өткізді.

Ойын 1:0 есебімен «Легия» пайдасына аяқталды.  Жалғыз голды Якуб Червиньски 76-шы минутта салды.

Сырт алаңдағы жеңіліске қарамастан, «Астана Аренада» өткен кездесуде 3:1 есебімен жеңіске жеткен қазақстандық клуб 3:2 жалпы есебімен Чемпиондар лигасының  плей-офф кезеңіне шықты.

Алғашқы матч. «Астана Арена» алаңында өткен ойында алаң иелері 3-1 есебімен жеңіске жетті. Ойын басталмас бұрын фаворит саналған «Легия», ойын кезінде абдырап қалған болатын. Небәрі 1-тайымның өзінде алаң иелері екі гол соққан болатын. Ал, 2-тайымда қонақтар жасанды алаңға шамалы бой үйретіп есеп айырмасын қысқартқан болатын, бірақ бұл голға елордалық клуб соңғы минуттарда жауап қайтарды. Нәтижесінде ЧЛ-ның үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынынан кейін «Астана» командасы 3-1 есебімен алда тұрды.

«Варшава төрінде»

«Легия» мен «Астана» арасындағы жауапты матч. Бірінші ойында 3-1 есебімен жеңлгеніне қарамастан Варшавалық жанкүйерлер командасының 2-0 есебімен жеңіп келесі кезеңге өтетініне сенімді. Ойын басталды. Алғашқы 30-минутта «Астана» командасының есепті еселейтін мүмкіндігі болды, дегенмен екі ойлары қорғаныста болғандықтан нәтижелі соққы жасай алмай, уақыт созумен шектелді. Ал, алаң иелері 1-тайымда дұрыс тактика таңдай алмаған екен. Қаншама шабуыл жасағысы келгенімен, оларға «Астана» ойыншылары мүмкіндік бермеді.

2-тайм басталды.

Иә, ойынның екінші бөлімінде елордалық команда қорғаныста шалқасынан жатып алды. «Легия» оң және сол қапталдармен қанша шабуылдасада Мокин қорғаған қақпаға дұрыс соққы жасай алмады. Бір әттегенайы, ойынның 77′-минутында сол жақ бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен Червиньски баспен гол соғып кетті. Ал, қалған минуттарда еуро бәсекелердің топтық кезеңінде үш жыл қатарынан ойнаған тәжірибелі команда ретінде ешқандай да қателік жібермей, өз қақпаларына гол жібермеді. Нәтижесінде, елордалық «Астана» командасы екі ойынның қортындысы бойынша 3-2 есебімен жеңіп келесі іріктеу ойындарының финалдық кезеңіне жолдама алды. Егер, плэй-офф бәсекесінде жеңіске жетер болсақ, онда ЧЛ-ның топтық кезеңіне өтеміз. Ал, жеңіліп қалған жағдайда бізді ЕЛ-ның топтық кезеңі күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, плэй-офф бәсекелерінің жеребесі 4-тамызда өтеді.

Сондай-ақ

ҚАЙРАТ АХМЕТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов Макаода 5 тамызда өткен ONE Championship халықаралық турнирде жеңіліс …