Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / «КАНЕЛОНЫ» НОКАУТҚА ТҮСІРІП, ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУЛЕРІМДІ САҚТАП ҚАЛҒЫМ КЕЛЕДІ — ГОЛОВКИН

«КАНЕЛОНЫ» НОКАУТҚА ТҮСІРІП, ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУЛЕРІМДІ САҚТАП ҚАЛҒЫМ КЕЛЕДІ — ГОЛОВКИН

Орта салмақғы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ESPN арнасындағы A Los Golpes бағдарламасында Сауль «Канело» Альваресті (49-1-1, 34 КО) нокаутқа түсіргісі келетінін айтты.

«Мен кәсіпқой бокстағы карьерамның басынын бастап-ақ орта салмақта өнер көрсетіп келемін. Сондықтан да бұл салмақта менің тәжірибем көп. Ал «Канело» болса орта салмаққа жуырда ғана ауысты. Дегенмен осы салмақта өткізген соңғы кездесулерін ол жақсы өткізді. Бірақ маған қарсы оны мүлде басқа жағдай күтіп тұр. Мен орта салмақтың чемпионымын. Сонымен қатар «Канелоның» бұрынғы қарсыластары секілді кішкентай емеспін. Саульдің соңғы қарсыласы кіші Чавесті де мықты деуге келмейді. Себебі, ол мұндай үлкен жекпе-жек өткізу үшін көп уақыт жұмсады. Ал мен соңғы жылдары үнемі чемпиондық белбеуімді қорғап жүрмін.

«Канелоға» қарсы нағыз чемпиондық жекпе-жек болады. Мен бұл кездесуді нокаутпен жеңгім келеді.

Менің Джейкобспен өткізген кездесуім туралы әңгіме көп айтылып жүр. Бірақ ол кездесудің әңгімесі бір бөлек. Иә, мен ол кездесуде карьерамда бірінші рет төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Дегенмен қазіргі жағдай мүлде бөлек. «Канело» өте қауіпті қарсылас. Мен оны жеңгім келеді. Өйткені, Golden Boy бұл кездесуді ұйымдастырғысы келмеді. Соңғы екі жылдың ішінде әр-түрлі алып қашпа әңгімелер болды. Сол үшін де мен үшін «Канелоға» қарсы өтетін кездесу қызық та болмай қалған еді. Алайда біз жекпе-жекті өткізу үшін келісімге келдік. Енді мен оны нокаутпен жеңіп, чемпиондық атақтарымды ұзақ уақыт сақтап қалуым керек», — дейді Головкин.

Айта кетейік, Головкин — «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

Сондай-ақ

ФУТБОЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕР

Дүйсенбіден ала доптың айналасындағы болып жатқан жағдайлар үш ұйықтасаң түсіңе енбес оқиғаларымен таң қалдырып келеді. …