Басты бет / Без рубрики / ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

 
Бүгін Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионаты басталды.
«Байрақты бәсекеде әлемнің 23 елінен келген 120 боксшы бағын сынайтын болады. Бізді осы жарысқа жас санаты бойынша Йемен және Катардан алғаш рет спортшылардың қатысып отырғаны қуантады, — деді АБК атқарушы директоры Бақдәулет Төреханов.

Жарыстың алғашқы күні үш боксшымыз жарыс жолына шықты. 49 келіде Тимур Қабдешев Қытай боксшысы Тианио Гуоға 0:5 есебімен жеңіліп қалды. 52 келіде Айбек Досанов Непалдық қарсыласын, 75 келіде Аят Маржықпаев та Непалдық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.

Ертең 62, 60, 69, 56, 64 келі салмақтарда боксшыларымыз бақтарын сынайды.

Айта кетейік, Тайланд астанасы Азия жастары біріншілігін екінші рет ұйымдастырып отыр. 2014 жылы өткен жарысқа 16 елден 96 боксшы қатысқан болатын.

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …