Басты бет / Әлем / ДЭНИЭЛ ДЖЕЙКОБС ЛУИС АРИАСТЫ ЖЕҢДІ

ДЭНИЭЛ ДЖЕЙКОБС ЛУИС АРИАСТЫ ЖЕҢДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен алғаш рет 12 раунд бойы жұдырықтасқан америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс шаршы алаңға қайта оралды. 8 айдан кейін жекпе-жек өткізіп, отандасы Луис Ариасты жеңді.

Дэниэл мен Луис арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер шешімі бойынша 118-109, 120-107 және 119-108 есебімен Джейкобс жеңімпаз шықты. Ал Ариас болса кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді.

Дэниел Джейкобс НВО арнасы және жаңа промоутері Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойғаннан кейінгі де алғашқы жекпе-жегін өткізді

Айта кетейік, Дэниэл Джейкобспен болған жекпе-жекте Геннадий Головкин төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп, WBA тұрақты чемпиондық атағын жеңіп алған еді.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …