Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / АПЛ-ДЕ СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗДАР…

АПЛ-ДЕ СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗДАР…

«АПЛ» — «Барселона» және «Реал Мадрид» Ла Лигада ойнаса да, футбол жанкүйерлері ең қызық және ең қиын деп есептейтін аяқ доп лигасы. Басқа лигада бағы жанып, айы оңынан туып жүрген футболшылар осы АПЛ-ге келгенде қымтырылып қалатыны бар. Футболшылар үшінде АПЛ-де ойнау мансабындағы үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. Ал, тіпті  кейбір жарық жұлдыздар алдынғы айтқанымдай дәл осы Ағылшын премьер-лигасына келгенде қалай  футбол ойнау керегін ұмытады. Назарларыңызға азулы Ағылшын премьер-лигасында жолы болмаған  жұлдызды 5 ойыншыны ұсынамын.

  1. Жозе Клеберсон «Манчестер Юнайтед»

2002 жылғы әлем чемпионатында, чемпиондар құрамасында жақсы ойынымен көзге түскен Клеберсонға Еуропа клубтары қызыға бастады. 2003 жылы ағылшындық «Манчестер Юнайтед» қарсыластарынан жылдамырақ болып, Клеберсонды қатарына қосты. Тіпті, шотландық аңыз бапкер Алекс Фергюссонның өзі бразилиялықтан болашақ әлемдік деңгейдегі жұлдызды көрді. Бірақ, АПЛ-дың адуынды ойындары Клеберсонды жұлдыз болу бақытынан айырды. «Манчестер Юнайтедтен» бұрын, отанынан басқа жерде өнер көрсетпеген ойыншының өзі кейіннен, АПЛ-дың сұмдық жылдам ойын темпіне үлгере алмағандығын мойындады. Манчестерлік клубпен тек «Ағылшын кубогін» иемденген Клеберсон 2005 жылы түркиялық «Бешікташ» клубына ауысқан.

Похожее изображение

4.Андрей Шевченко «Челси»

Ағылшындық клубтың ресейлік басшысы Роман Абрамовичтің жеке тапсырмасымен «Миланнан» келген Андрей Шевченкодан көп үміт күтті. Өкінішке орай, украиналық «Алтын доп» иегері, «Миланның» аңызы Ағылшын премьер-лигасында өзінің сиқырын көрсете алмады. Трансфер сәтсіз болды. Украиналық форвард 47 ойында тек 9 гол салды. «Челсимен» Ағылшын кубогі мен суперкубогін жеңген аңыз, 2008/2009 жылғы футбол маусымында бір жылға «Миланға» оралды. Ақыры соңында АПЛ-де жарқылдай алмаған аңыз туған жерінде мансабын аяқтады.

Картинки по запросу андрей шевченко челси

  1. Хуан Себастьян Верон «Манчестер Юнайтед», «Челси»

Аргентиналық «Парма», «Лацио» секілді клубтарда мықты ойын көрсеткен Хуан, Еуропаның белді командасына ауысары белгілі еді. «Манчестер Юнайтед» сапын толықтырған аргентиналыққа «қызыл сойқандар» жанкүйерлері шексіз қуанды. Бірақ, алдыңғы айтылған жұлдыздар секілді Веронның ойыны АПЛ-да шықпады. Берілгісі келмеген Хуанға басқа ағылшындық клуб «Челси» екінші мүмкіндік берді. Алайда, аталмыш мүмкіндік айтулы жетістіктер әкелмеді. Манчестердегі сәтсіздігі Лондонда да мазалады. Сағы сынған Верон Италияға оралып, «Интер» сапында чемпион атанды. Ал, мансабын алғашқы командасы «Истудиянтесте» клуб аңызы ретінде аяқтады.

Похожее изображение

  1. Роберто Сольдадо «Тоттенхэм»

Испаниялық «Реал Мадридтің» негізгі құрамына іліге алмаған «кілегейлілер» түлегі Роберто «Валенсияға» ауысты. «Жарқанаттар» қатарында 141 ойында 81 гол авторы атанған Роберто ағылшындық клубтардан көптеген ұсыныс алды. 2013 жылы бір шешімге келген испаниялық ойыншы «Тоттенхэмді» таңдады. Дебюттік ойынын «Кристал Пэлас» қақпасына жеңіс голымен бастаған Сольдадо АПЛ-де артынша 52 ойын өткізіп, 7 гол ғана салды. Мардымсыз 2 маусым өткізген Роберто мансабын испанияға жалғыстыруға кетті.

Картинки по запросу роберто сольдадо тоттенхэм

1.Радамель Фалькао «Манчестер Юнайтед», «Челси»

Колумбиялық ойнаған клубтардың барлығында дерлік жасындай жарқылдады. Тек, АПЛ клубтарында емес. «Атлетико» қатарында өткізген жалынды 2 маусымнан кейін «Монако» шабуылшыны сатып алды. Францияда да сол ерлікті қайталаған Фалькао Еуропаның алдыңғы қатарлы клубтарының ауыздарында жүрді. 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін «Манчестер Юнайтед» қатарына ауысқан Радамель Англияда айтарлықтай ойын көрсете алмады. 29 ойындағы салынған 4 гол ешкімніңде көңілін көншітпеді. 2015 жылы «Олд Траффордты» «Стэмфрд Бриджге» алмастырған колумбиялық тағы да сәтсіздікке ұшырады. Англияда түкте жолы болмаған шабуылша Францияға қайта оралды. «Монако» сапында қайта жұлдызы жанған Фалькао бізге қандай жұлдыз болсаң да, АПЛ-де жарқ ету екінің бірінің қолынан келе бермейтіндігін тағы бір рет дәлелдеді.

Картинки по запросу фалькао челси

Сондай-ақ

ДЖИУ-ДЖИТСУДЫҢ ӨЗ САМАТЫ МЕН САНАТЫ БАР

7-10 ақпан күндері Ақмола облысының Щучинск қаласында Джиу-джитсу спортынан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Бұл …

Добавить комментарий