Басты бет / Әлем / ЭНТОНИ ДЖОШУА ҚАРСЫЛАСЫН НОКАУТҚА ТҮСІРІП ҮШ БЕЛБЕУІН ҚОРҒАДЫ

ЭНТОНИ ДЖОШУА ҚАРСЫЛАСЫН НОКАУТҚА ТҮСІРІП ҮШ БЕЛБЕУІН ҚОРҒАДЫ

Аса ауыр салмақта WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық Энтони Джошуа француз Карлос Такамды нокаутпен жеңді.

Олардың жекпе-жегі Кардиффтегі Principality стадионында өткен бокс кешінің басты кездесуі болды. Аренада бұл жекпе-жекті 78 мың адам тамашалады.

Төртінші раундта Джошуа қарсынасын нокдаунға түсірген, алайда көзінен қан аққан Такам тез тұрып кетті. Ұлыбританиялықтың да мұрнынан қан кеткен. Кездесу барысында Такамды дәрігер екі рет қаражы, екі жағдайда да оған кездесуді жалғастыруға рұқсат берген.

Ал жекпе-жек оныншы раундта аяқталды. Рефери Джошуаның шабуылын тоқтатып, техникалық нокаутты тіркеді. Такам болса реферидің бұл шешімімен келіспей, наразылық білдірумен болды.

28 жастағы Джошуа осылайша 20-шы жекпе-жегінде 20-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ұлыбританиялық IBF титулын алтыншы рет және украиналық Владимир Кличкодан (64-5, 53 КО) сәуірде тартып алған WBA және IBO титулдарын бірінші рет қорғап отыр.

Ал, 36 жастағы Такам осымен үшінші жеңілісіне ұшырады — оның активінде 35 жеңіс бар (27-сі нокаут) және бірі тең аяқталған. Тегі камерундық француз мансап жолында тұңғыш рет әлем чемпионы титулына таласуға мүмкіндік алған.

Айта кетейік, бастапқыда Джошуаның қарсыласы болгар Кубрат Пулев (25-1, 13 КО) болған, алайда ол иық жарақатына байланысты 16 қазанда кездесуден бас тартуға мәжбүр болды, осыдан кейін ұлыбританиялықтың промоутерлері қарсылас ретінде шұғыл түрде Такамды тапқан.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

«ИНТЕР» «ВЕРОНАДАН» БІР ГОЛ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫМЕН БАСЫМ ТҮСТІ

Италия біріншілігінің 11-ші кезеңінде өткен «Верона» — «Интер» кездесуінде, Спаллеттидің командасы Перишитің голының арқасында «Веронадан» …