Басты бет / Басқа түрлер / «СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Көктемнің басынан басталған  «Спорт менің ауламда» спорттық бағдарламасының ресми таныстыру  рәсімі Алматы қаласының Алатау ауданында өтті.

Балалар және де олардың ата-аналары, қала аудандарының барлық бапкерлерімен бірге Алғабас  алаңында бас қосты. Олар өздерінің күнделікті жаттығуларын 7 жастан 17 жасқа дейінгі  жетккіншектермен өткізді.

— Біздің жаттықтырушыларымыз тәжірибиелі, туризм және спорт Академиясының түлектері. Олар күн сайын өз аудандарында 7-17 жас аралығындағы барлық  балаларды  жаттықтырады. Сонымен қатар, өз тәжірибиелерімен ақысыз бөлісіп, балаларды спортқа қызықтырады. Балалар мен жасөспірімдер сүйікті спорт түрлерімен өз аулаларында айналыса алады. Жастар футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, воркаут және басқа да спорт түрлерімен  жеткіншектер бірге ойнап, жақсы уақыт өткізе алады. Қала бойынша бізде  75 алаңда  сәйкесінше 75  жаттықтырушы бар. Біз алаңдар санын 300-ге дейін көбейтпекпіз, — деп атап өтті Ғалым Бердіқұл.

 

Бүгінгі таңда, барлық аудандар бойынша қатысушылар саны 3000  балаға дейін жетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар жаттығуларға күн сайын әр түрлі себептермен қатыса алмайды. Дегенмен,  келем деушілер үшін жаттығулар екі ауысым бойынша өткізіледі.

— Біз күн сайын Әуезов ауданында жаттығуларды саған 15.00-де бастап,  сүйікті ойындарымен жалғастырамыз. Көбінесе біз футбол ойнаймыз. Біздің бапкеріміз өте жақсы. Ол бізді күрес негіздері, күресу тәсілдерді мен басқа да ойын ережелерін жақсы түсіндіреді, — деп әсерлерімен бөлісті Азат Тоқан.

Айта кетсек, осы бағдарламаның басты мақсаты балалар мен жасөпірімдерді спортқа қызықтыру. Ақысыз әр бала жаттырықтырушылармен бірге жаттығып, сүйікті спорт түрімен айналысып, басқа балалармен бірге белсенді тыныға алады.

Бұл жоба осы жылдың көктемінен басталып, 2019 жылға дейін жалғасады. Жаттықтырушылар белгіленген кесте бойынша күн сайын шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибиелерімен бөліседі.

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …