Басты бет / Басқа түрлер / СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚОЛДАУ ТАБУДА

СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚОЛДАУ ТАБУДА

Еліміздің танымал спортшылары «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасындағы жаңашылдықтарға қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко, Ольга Рыпакова, Данияр Елеусінов, Гюзель Манюрова, Бақтияр Артаев, Әділбек Ниязымбетов, Елдос, Сметов және басқа да спортшылар бар.

«Бұл заң жобасымен жұмыстар ұзақ уақыт бойы жүргізілгенін білемін. Меніңше, бұл құжат елеулі реформаны қамтып отыр. Оңтайлы өзгерістерді жақын арада байқайтын боламыз. Бұл тұрғыда балаларға арналған спорттық мектептерден бастап, ұлттық құрама командаларға дейін барлық деңгейлерде жақсы көрсеткіштер орын алатын болады», — деді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттың жалпы отырысында «Дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша ҚР-дың бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып, екі оқылымда қабылданды. Бұл заң жобасында дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіру қадамдары қамтылған. Онда спорт түрлері бойынша бюджет қаржысының теңгерімді бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу көзделген. Бұл өз кезегінде спортты қаржыландырудың тиімді моделін даярлауға мүмкіндік береді, сондай-ақ республикалық және облыстық деңгейлерде қаржыландыруды объективті бөлуге кепілдік береді.

Аталған заң жобасын қабылдау мемлекеттік шығыстардың артуына немесе мемлекеттік кірістердің қысқаруына әкеп соқпайды. Екіншіден, заң жобасымен мемлекеттік басқару органдары және  Ұлттық Олимпиада комитетін қоса алғанда, қоғамдық бірлестіктер арасындағы функциялардың аражігін  ажырату ұсынылады.  Жергілікті атқарушы органдар бұқаралық спортты дамытумен, орталық уәкілетті орган  — стратегиялық міндеттермен, дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелерін үйлестірумен, сондай-ақ бюджет қаражатының атқарылуын  бақылаумен айналысатын болады.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында …