Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АЛМАТЫДА ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕК ТҮРЛЕРІНЕН ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕК ТҮРЛЕРІНЕН ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

 

Сәуірдің 29-і күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында еліміздің оңтүстік астанасында шығыс жекпе-жек түрлерінен және де «Fullcontact karate», «Shotokan karate», «Jeet Kune Do» каратэ, спорттық самбодан спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Бұл спорттық шаралар 5-17 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар арасында «Бағанашыл» спорт кешенінде, мына мекен-жай бойынша өтеді: Бағанашыл мкр-ы, Санаторная-14 көш-сі.

Фестивальге kata және kumitе бойынша шақыру алған спортшылар, командалар, залдар, клубтар мен ұйымдар қатыса алады.

Барлық жарыстар жекелей біріншілік аясында ұйымдастырушылардың ережелеріне сәйкес, салмақтық санаттармен жастық топтар бойынша өтеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, жарақттарды алдын алу үшін қатысушылар керекті құралдармен жабдықталуы қажет.

Турнирде әр жас, салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлері анықталып, сондай-ақ, үздіктер кубокпен марапатталады. Сонымен қатар, спорттың әрбір түріне арнайы сыйлықтар келесі номинациялар бойынша беріледі: «ең үздік техника», «жеңіске жігерленген ерік» және «ең қысқа жекпе-жек».

Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, РОО «KFKO» филиалының, «KFKO», «Okinawa», «Toshiro», «Dojo.kz», «Essimov dojo», «Кanku.kz», «Fierst» ұйымдарының қолдауымен өткізілетін шараның мақсаты – спортшылардың шеберліктерін арттыру, шығыс жекпе-жекті, мегаполистегі спортты дамыту.

Спортшы-қатысушылардың алдын ала салмақты өлшеу рәсімі 27 сәуір күні, 18:00-ден 21:00-ге дейін № 45 (Орбита-3) жалпы білім беретін мектепте өтеді.

Айта кетсек, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы алып шаһардың жаппай спорттың дамуына бағытталған.

Назарларыңызға осы турнирдің бағдарламасын ұсынамыз:

— 9:00 – 9:30 – Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі;

— 10:00 – 11:00 –шығыс жекпе-жектен Ұйымдардың көрнекі өнер көрсетуі;

— 11:00 – 13:00 – «КУМИТЕ» бөлімі қатысушыларының жекпе-жектері басталады;

— 15:00 – жартылай финалдық, финалдық жекпе-жек «КУМИТЕ» бөлімінің қатысушылары үшін басталады;

— 17:00 – Фестивальдің марапаттау және салтанатты жабылу рәсімі.

Алматы қалсының Дене шынықтыру және спорт басқармасының Баспасөз қызметі

Сондай-ақ

ИЛЬИН: «КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕ — МЕН»

Қазақ елінің мақтанышы болған Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақстандық ауыр атлетші қыздардың спорттан шеттетілуіне қатысты …