Басты бет / Басқа түрлер / 6 ЖАСАР КАРАТЭШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

6 ЖАСАР КАРАТЭШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

 

Үндістан елінің Мумбай қаласында каратэ спортынан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан намысын қорғаған 28 жастағы Жанбота Тәшенова мен 6 жасар Джаноб Гафуров чемпион атанды.

Спортшылардың айтуынша, аталмыш әлемдік турнир қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Жалпы алғанда, шығыс жекпе-жегінің 15 шебері 22 алтын медаль еншілеп қайтты. Ол туралы: «Өте ауыр болды. Үш айдың көлемінде күндіз-түні дайындалдық», — деді Жанбота Тәшенова.

Ал, алты жасар әлем чемпионы Джанобтың ата-анасы ұлдарының жетістігіне қатты қуанды:

«Біз ұлымызды мақтан тұтамыз! Ол Үндістандағы жарыста еліміздің абыройын асқақтатты! Алдағы уақытта да жеңіс тұғыранан түспейтініне сенеміз. Ол Қазақстанның туын барлық жерде биік көтеретін болады!»,-деді олар.

Әлем жеңімпаздары енді қараша айында Францияда өтетін халықаралық турнирге дайындалатын болады.

Сондай-ақ

МОГУЛШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН ИЕЛЕНДІ

Қытай елінің Тайву қаласында Фристайл-могул спорты бойынша әлем кубогының екінші кезеңі өтуде. Финалдық кезеңде қос …