Басты бет / Әлем / МАКГРЕГОР МЕЙВЕЗЕРДІ СЕГІЗБҰРЫШТА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗУГЕ ШАҚЫРДЫ

МАКГРЕГОР МЕЙВЕЗЕРДІ СЕГІЗБҰРЫШТА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗУГЕ ШАҚЫРДЫ

UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор сегізбұрышта бокстан бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезермен кездескісі келетінін айтты.

Биылғы жылдың тамыз айында МакГрегор бокс ережесі бойынша кіші Флойд Мейвезермен кездесіп, жеңіліп қалған еді. Енді ол Мейвезерді ММА-де көріп, онымен ережесіз жекпе-жек ережесі бойынша кездескімі келеді. Сонымен қатар ирландиялық спортшы Пол Малиньджимен кездескімі келетінін де айтты.

«Бұған дейін Мейвезер ММА-де жекпе-жек өткіземін деп еді. Мұны маған ол бірінші жекпе-жектің алдында айтты. Енді мен бұл екі боксшының бірімен сегізбұрышта кездескім келеді. Мен олардың ережесіне көндім. Мен өз жанкүйерлерім үшін шоу ұйымдастырдым. Енді олардың бірі менің ережем бойынша төбелессін», — деп келтіреді МакГрегордің BoxingScene порталы.

Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

BoxingScene.com басылымының мәліметі бойынша, бұл кездесудің ақылы транцляциясын — 4,4 миллион көрермен тамашалапты. Яғни, олар екі жыл бұрынғы Мэнни Пакьяомен өткен жекпе-жек рекордын жаңарта алмаған. Ол кездесуде ұйымдастырушылар 4,6 миллион PPV сатқан еді.

Мейвезер — МакГрегор жекпе-жегіне билет сатудан түскен қаражат мөлшері — 55,4 миллион доллар. Бокс тарихында билет ең көп сатылған Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жегі тіркелген еді. Ол кездесуден 72,2 миллион доллар кіріс кірген.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасы Мәскеуде спорттық гимнастикадан XXIV-шы  Олимпиада чемпионы Михаил Воронин атындағы Халықаралық турнир өтті. 18-20 желтоқсан аралығында …