Басты бет / Басқа түрлер / ЕЛБАСЫ КҮНІ НЕМЕСЕ СПОРТТАҒЫ НҰРСҰЛТАНДАР

ЕЛБАСЫ КҮНІ НЕМЕСЕ СПОРТТАҒЫ НҰРСҰЛТАНДАР

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!

Елбасымыз спортқа жанашыр еліміздегі бірінші адам. Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз. Соңғы жылдары бой көтерген зәулім спорт ғимараттары, елімізде ірі халықаралық жарыстарды өткізе бастағанымыз әлемдік спортқа бәсекелі бола бастағанымызды да аңғартады. Бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын айтпасқа болмайды.

 

Шындығында, Елбасымызды нағыз спорт­­­шы пре­зидент десек, артық айтқаны­мыз болмас. Біле білсек, Назарбаев – кү­рес­­­тен спорт шебері. Осы орайда, Елбасымыздың бапкері бол­­ған, Украина және Қазақстанның ең­бек сіңірген жаттықтырушысы Лев Ежев­скийдің естелігіне назар аударып көрелік. «1958 жылы біздің Днепродзержинск қаласына Қазақстаннан бір топ жас жігіт­тер оқуға келген. Олар №8 техучилищеде оқыды. Бірде мен жаттығу өткізетін залға шымыр денелі, тығыршықтай жас жігіт келіп, «Мені жаттығуға аласыз ба?» деп сұранды. «Аты-жөнің кім, бұрын күреспен айналыстың ба?» деп, өзіне сұрақ қойдым. «Атым – Нұрсұлтан, фамилиям – Назарбаев, күреске әкемнің үйреткені бар…» деп жауап берді. «Олай болса шешін, көрейік» деп, залда жаттығып жүрген Коля Литошконы шақырып, «Мына жігітті байқайықшы, біраз жұлқылап көрші» деп күрестіріп жібердім. Сол-ақ екен, өзім үлкен үміт артып жүрген Ли­тош­комды Нұрсұлтан шалт қимылымен шалып түсірді. Бәріміз үн-түнсіз қалдық. Содан бері Назарбаев нағыз балуандықты меңгере бастады. Коля екеуі дос болып та кетті. Жаттығуларда ерінбейтін, жеңіске деген жігері көрініп тұратын.

Нұрсұлтан Назарбаев Днепро­дзер­жинск­ қаласында өткізген екі жылында нағыз бал­уан болып қалыптасты. Клас­сикалық жә­не еркін күреспен қатар айна­лыс­ты. Әттең, күрестің соңына түбегейлі түс­кен­де үлкен жетістіктерге жететін қа­­бі­­ле­­ті бар еді. Біраз жарыстарда ысылды. Ал­, 1959 жылы ол ВЦСПС, яғни, Бүкіл­­о­дақ­­­тық кәсіподақтардың орталық кеңесі турнирінің чемпионы болды. Ол кезде мұндай жарыстың жеңімпаздарына спорт шебері атағы берілетін. Осылайша, Назарбаев спорт шебері нормативін орындаған болатын. Ал мен үшін тағы бір ерекше қуаныш, сол кездердегі шәкіртімнің бірі мемлекет басшысы, яғни президент болғаны».

Міне, бапкерлік өмірінде 25 спорт шеберін даярлаған Лев Ежевский өзінің қол астында жаттыққан Нұрсұлтан Назарбаев туралы осылайша әңгімелейді.

Елбасы – спорт саласын дамытуға байланысты тек мемлекеттік маңызды іс-шараларды жүзеге асырып қоймай, жеке басының салауаттылығын, яғни, спортпен шұғылданатынын да өнеге етіп көрсете алатын тұлға. Бұл орайда біз Президенттің суда жақсы жүзетінін, атқа жақсы мінетінін, теннис пен гольфті жақсы ойнайтынын, шаңғымен жақсы сырғанай білетінін білеміз. Түптеп айтқанда, Елбасымыз

Нұрсұлтан Назарбаев «нағыз спортшы президент» деп атауға тұратын тұлға деп айта аламыз.

Енді dodasport.kz спорт порталы спорттағы Нұрсұлтандар туралы жазбақ. Қазақ спортында Нұрсұлтан атты спортшылар ел намысын абыроймен қорғап жүр. Солардың кейбіріне тоқтала кетсек.

1 — Таеквондошы Нұрсұлтан Мамаев 2010 жылғы жазғы жасөспірімдердің Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы лондондық Олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), жазғы Универсиада және  VI Дүниежүзілік армия ойындарының жеңімпазы (2015), бірнеше дүркін жеңімпаз және халықаралық рейтингтік турнирлердің жүлдегері.

2- Жас кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев. Қазан айында  Қытайдың Инь Чуан қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы кездесуінде-ақ WBA чемпиондық белдіктерінің бірін иеленді. Қытай елінің чемпионы атағы сарапқа салынған кездесуде жергілікті боксшы Синг Янгты 10 раундтық жекпе-жекте қапы қалдырды. Төрешілер бірауыздан жеңісті отандасымызға берді.

Кәсіпқой боксшымыз желтоқсан айына тағы бір кездесуін жоспарлап отыр. Әуесқой бокста да ел намысын абыроймен қорғаған болатын.

3 — ММА спортының шебері Нұрсұлтан Итанов. Алматы қаласындағы бокс кеші ММА спорты шеберлерінің айқасымен есте қалды. Нұрсұлтанға бұл кеште өзбекстандық Амаль Хасенов қарсылас атанған болатын. Ол қарсыласын 34 секунд ішінде құлатып түсірді. Жас спортшымыздың алар асулары әлі алда.

4 — Қызылордалық Нұрсұлтан Көлдеев гір спортынан  Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген болатын. Н.Көлдеев гір спортынан  ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында бес, жастар арасында үш, жасөспірімдер арасында үш дүркін  Қазақстан чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2014 ж. Эстония), Әлем кубогының қола жүлдегері (2014 ж. Лас-Вегас), 2 дүркін Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж., Ресей, 2014 ж., Германия), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2015 ж., Ирландия), Еуропа  чемпионы (2015 ж., Болгария).

5 — дзюдо спортынан Нұрсұлтан есімін жақын арада жиі естуіміз мүмкін. Словенияның Градек қаласында дзюдодан Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған  халықаралық турнирде  Нұрсұлтан Манарбекұлы алтыннан алқа таққан болатын. Спорттық мансабын енді ғана бастаған жас дзюдошымызға сәттілік тілейміз.

6 — Атырау облысының боксшысы Нұрсұлтан Салихов Халықаралық сайыстарда ел намысын қорғап жүр. Нұрсұлтан қазіргі күні Атырау құрамасы сапында бірнеше турнирлерге қатысып үлгерген. Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған бокстан халықаралық турнирдің жүлдегері.

7 — боксшы Нұриденов Нұрсұлтан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі. Николай Дмитриевич Хромов атындағы XV Бүкіл ресейлік ашық турнирдің қола жүлдегері.  Бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевтың рухына арналған жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирдің чемпионы.  2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. 2016 жылы Якутияда өткен «Азия балалар» ойындарының жеңімпазы.

8 — Нұрсұлтан Тұрсынов  Қазақстан чемпионы (85 келі). Балуанымыз Стамбулдан төріндегі Вехби Эмре & Хамит Каплан халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.  Халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүрген балуан.

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …