Басты бет / Мақала / “ОРДАБАСЫ” ҰПАЙ ЖОҒАЛТЫП, “ҚАЙРАТ” ҚАҺАРЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ.

“ОРДАБАСЫ” ҰПАЙ ЖОҒАЛТЫП, “ҚАЙРАТ” ҚАҺАРЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ.

Қазақстан премьер-лигасының бесінші турында қонақтардың  мысы басым болды. Көш басында – он бір ұпаймен «Қайсар».

Шахтер 1-4 Қайрат

Төрт ойын бойы қатарынан тең түскен алматылық жігіттер қаһарына мінген секілді. Цхададзе шәкірттері жеті минуттың ішінде үш гол соғып, ойын тағдырын шешті. Гоу әдетіне салып, голдарды боратты. Сұрмергендер көшінде де жеке дара бастады. Кеншілер сапынан жалғыз ғана голмен жауап берген — Оралхан Өміртаев.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Қайрат» (Алматы) 1:4 (0:3)

Голдар: Исаэл, 12 (0:1). Гоу, 17 (0:2). Гоу, 19 (0:3). Гоу, 65 (0:4). Өміртаев, 77 (1:4).

Ескертулер: Соке 82 – Маркович 30.

«Шахтер»:  Шацкий, Айегбуси, Кадио, Тарасов, Скорых (Өміртаев 70), Габышев, Соке, Аллегрия, Станоевич, Зошак (Хайруллин 59) Тәжімбетов (Тәттібаев 67).

«Қайрат»: Покатилов, Сүйімбаев (Вороговский 70), Маркович, Арсо, Қуат, Элек, Бакаев, Иличевич (Жуков 59), Исламхан, Исаэл (Ахметов 79), Гоу.

 Теміртау қаласы, «Металлург» стадионы.

 Қайсар 0-0 Тобыл

Қызылорда қаласында өткен ойын бірқалыпты деңгейде өтті. Қос команда да бірінен соң бірі шабуылмен алмасып отырды. Бірақ, қос клубқа да гол соғу бақыты бұйырмапты.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Тобыл» (Қостанай) 0:0

Ескертулер: Нәрзілдаев 45+1, Камара 63 – Мирошниченко 38, Молдақараев 82.

«Қайсар»: Исламқұлов, Аржанов, Граф, Камара, Курьор (Нтизабонкиза 71), Ламанж, Николич, Әмірсейітов, Байжанов (к), Евстигнеев, Нәрзілдаев (Коробкин 75)

 «Тобыл»: Непогодов, Деспотович, Кассай, Савич (Главина 90+1), Малый, Мирошниченко, Молдақараев (Елмырзаев 86), Мухутдинов (к), Сартаков, Щеткин, Тағыберген

Қызылорда қаласы,«Локомотив» стадионы

Тараз 2-1 Ордабасы

Тараз қаласында өткен оңтүстік дербиі — «Тараз» бен «Ордабасы» арасындағы ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.  Шымкенттен қонаққа келген жанкүйерлер ойынның соңғы минуттарына дейін қиқулап, өз клубтарын қолдады. Бірақ, бұл жолы Талгаев шәкірттерінің жолы болды. Алма-кезек шабуылдардың нәтижесінде «Тараз» 2 гол соғып, көптен күткен жеңіске қол жеткізді.

«Тараз» – «Ордабасы» 2:1 (2:1)

Голдар: Мухаметшин, 15 (1:0). Төлебек, 30 (1:1). Қожамберді, 31 (2:1).

Ескерту: Молтусинов 87. «Тараз»: Логиновский, Кургулин (Әмірханов 69), Миюшкович, Молтусинов, Горбанец, Диарра, Қожамберді (Сейдахмет 72), Таубай, Шипицин (Эргашев 49), Мухаметшин, Фещук.

 «Ордабасы»: Бекбаев, Ерланов, Рендулич (Абдулин 52), Фонтаньело, Бейсенов (Гейнрих 57), Бочаров, Ковальчук, Нұрғалиев, Төлебек, Йорданов, Марцваладзе (Бөлешев 76).

Тараз қаласы, «Ұлан» стадионы. 

Ақтөбе 1-1 Ақжайық

Өткен турда «Ертісті» жеңіп, масаттанып қалған ақ-қызылдар бүгінгі ойында жеңіске жете алмады. Ойынның алғашқы минутында Мирас Сапанов есеп ашқан болатын. Егер 80-ші минутта Руслан Валиуллин алаңнан қуылмағанда «Ақтөбе» гол соға алмайтын да ма еді?.. Әйтеуір, содан кейін ғана «Ақжайықты» қыса бастады. Ақыры діттегеріне жетіп, бразилиялық Кассиано қақпаға допты баспен соқты.

«Ақтөбе» – «Ақжайық» (Орал) 1:1

Голдар: Сапанов, 9 (0:1), Кассиано, 86 (1:1).

Ескертулер: Кассиано 30, Аслан 56 – Шабаев 53, Сапанов 60, Валиуллин 67, Николич 76, Рубио 90.

Алаңнан қуылды: Руслан Валиуллин

«Ақтөбе: Сидельников, Кассиано, Джуниор, Торрес (Зенькович 54), Воловик, Гуйе, Алмейда, Аслан (Байтана 72), Қайыров (Кәкімов 46), Шестаков, Шурыгин. Резерв: Отарбаев, Тотай, Розыбакиев, Дәуітов, Айтбаев, Ермаченко.

«Ақжайық»: Төлебаев, Говедарица, Коронель (Рубио 86), Одибе, Азука, Дельгадо (Антипов 69), Николич, Валиуллин, Шабаев (Шмидт 64), Сапанов, Ерсәлімов.

Ақтөбе қаласы. БЖСМОР алаңы.

Атырау 0-1 Астана

Мұнайлы қалаға барған ел чемпиондары өздеріне керекті 3 ұпайды алып қайтты. Қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланған Юрий Логвиненко гол соқты. Осылайша бастарына қара бұлт иірілген «Атыраудың» жағдайы одан сайы нашарлады.

«Атырау» – «Астана» 0:1 (0:0)

Гол: Логвиненко, 84.

Ескертулер: Чичулин 10 – Жалмұқан 60

«Атырау»: Пасеченко, Джокич, Двалишвили, Лобжанидзе, Саломов (Родич 86), Обшивач, Максимович, Әбдрахманов (Қалмұратов 72), Қайраллиев, Хайруллин (к), Чичулин (Мәжитов 79)

«Астана»: Мокин, Аничич, Шитов, Маевский, Кабананга, Ллуллаку (Твумаси 68), Граховац, Жалмұқан (Муртазаев 68), Шомко (к), Логвиненко, Мужиков (Постников 90)

Атырау қаласы. «Судоремонтник» стадионы.

Оқжетпес 0-2 Ертіс

Бұл ойын толығымен керекуліктердің шабуылымен өтті. Көкшетаулықтар Лория қорғаған қақпаға жөнді соққы да бағыттай алмады. Фофана мен Кислицын соққан голдар «Ертіске» оңай жеңіс алып келді.

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ертіс» (Павлодар) 0:2 (0:0)

Голдар: Фофана 57, Кислицын 65.

Ескертулер: Федин 5, Генков 54 – Живкович 27.

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Чертов, Еоне, Козлов (Генков 46), Политыло, Струков (Недашковский 68), Федин, Юрин, Дайыров (Шафф 70), Марочкин, Волков

«Ертіс»: Лория (к), Фонсека (Жұмасқалиев 90), Живкович, Родриго, Ткачук, Двали, Фофана (Нганбе 79) , Кислицын, Гетериев (Алиев 80), Воротников, Дарабаев

Щучинск. «Жақсы» СК стадионы.

 

  • Бұл турда 13 гол соғылды.
  • Бұл турда 20 сары қағыз және 1 қызыл қағаз көрсетілді.
  • Ең көп жанкүйер жиналған ойын — Қайсар — Тобыл (3600 көрермен)
  • Турдың үздік ойыншысы — Жерар Гоу

 

Сондай-ақ

АЛМАТЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Қазақ спорт және туризм академиясында Алматыда өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров …