Басты бет / Басқа түрлер / ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ҚАНДАЙ ТІС ҚОҒАНЫШТАРЫН ПАЙДАЛАНАДЫ?

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ҚАНДАЙ ТІС ҚОҒАНЫШТАРЫН ПАЙДАЛАНАДЫ?

SmartForce стоматологиялық зертханасы ең заманауи материалдардан жасалған кәсіби дара спорттық каппаларды ұсынады.

SHIELD каппа барлық  бойына таралған беріктігі жоғары, қатты аралық қабаты бар термоиілгіш материалдың үш қабатынан тұрады. Каппаның бірінші 2 мм жұмсақ қабаты келтірілген соққы күшін өзіне тартып алады және жұмсақ тіндерді ішкі жағынан зақымдалуынан қорғайды. Келесі 1мм қатты қабаты келтірілген күшті бет-жақ маңайының барлық беткейімен ыдыратады. Үшінші «ақылды» қабат материалдың иілгіштігіне және жұмсақтығына қарамастан, дірілді тістің беткейіне жібермейді, сөйтіп олардың босауының алдын алады. Үшінші қабаттың қалыңдығы 2,5 мм.

Біз Сіздің тістеріңіздің жеке ізі бойынша Сізге осы бірегей тіссауытты дайындаймыз. Ол Сіздің ауыз қуысыңыздың анатомиялық ерекшеліктерін тұтас және толықтай қайталайтын болады және соның арқасында тіссауытының ауыз қуысында нық бекітілуіне қол жеткізіледі.

Спорттың жарақат алуға бейім түрлерімен айналысатын спортшылар үшін SHIELD тістерін жаттығулар мен жарыстар кезінде жарақаттан қорғау үшін қажет.

SHIELD дегеніміз –арнайы заманауи құрылғыда инновациялық материалдардан жасалатын жеке тіссауыт, ол қорғаушы  қасиеттерін сақтай отырып, қатпарланбай және ажырамай, ұзақ мерзімде пайдалануға кепілдік береді.

SHIELD тіссауыттары зертханалық жағдайларда мұқият сыналды, соның нәтижесінде олардың сенімді, қорғаушы қасиеттері дәлелденді. Олар тіссауыттардың өзге түрлерімен (кәдімгі және термоиілгіш) салыстырылған сынақтардан да өтті. Басқа тіссауыттармен салыстыру нәтижелері соңғылардың өте аз күш түсіруді ғана көтеретінін, ұзақ мерзімділіктен артта қалатынын және соққы күшін нашар жұтатынын көрсетті.

— СЕНІМДІ

Бет-жақ және басқа жарақаттарды алу тәуекелін мейлінше азайтады, ерін мен бетті сенімді қорғайды.

— ҚОЛАЙЛЫ

Спортшыға кәдімгідей тыныс алуға және сөйлеуге мүмкіндік береді. Оны күтіп-ұстау оңай, брекеттермен үйлесімді.

— КӘСІБИ

Қауіпсіздігіне CE 93/42/EWG биоүйлесімділік және гипоаллергияға қауіпсіздік жөнінде еуропалық сертификаттармен кепілдік берілген.

Тіс дәрігерлері жеке тапсырыс бойынша дара тіссауыттардың жағын жарақаттауға және тістерінің зақымдалуына тәуекелі бар спортшылар үшін ең үздік екенін растайды. Оның нақты қиыстырылуы дұрыс жабысып тұруын және сенімді қорғауын қамтамасыз етеді.

Дара спорттық тіссауыттарды әйелдер арасындағы бокс бойынша әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева жоғары бағалады. ҚР біріншілігінде Ләззат SHIELD кәсіби спорттық тіссауытымен шықты.

— Ләззат, Сіз SHIELD дара спорттық тіссауытын неге таңдадыңыз?

— Біріншіден, бұл – қорғаудың жоғары деңгейі, сондай-ақ мен SHIELD-дің пайдаланғанда, оның тістерге сенімді бекитініне және оның жай тіссауыттармен болғандай, ең жауапты сәтте түсіп қалмайтынына  сенімді бола аламын.

— Екіншіден, SHIELD – ол тістер үшін ең үздік қорғауды таңдағанына сенімділік. Денсаулық – ең маңызды аспект, қалпына келгенше, күйіңді жоғалтасың. Менің салмақтық санатымда соққыларды жіберіп алу өте қауіпті, кез келген тіссауыт мұндай күштерді көтере алмайды, бірақ SHIELD өзін ең жақсы жағынан көрсетті.

Өндіруші:

«SmartForce» зертханасы

+7(778) 900 90 54

+7(7172) 46 96 92

Сондай-ақ

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАЗАСЫ РЕСЕЙЛІК ТІЛШІНІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавиннен сұқбат алу үшін Алматыға келген ресейлік журналист Евгений Дзичковский қазақстандық клубтың …