Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / МАРИНА СЕДНЕВА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

МАРИНА СЕДНЕВА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Францияның Макон қаласында күрес түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың төртінші күні жалғыз күміс медаль қоржынға түсті.

Қыздар күресі бойынша 55 келі салмақта Марина Седнева күміс жүлдегер атанды. Балуан қызымыз алғашқы белдесуінде Польшалық қарсыласын 5:4 есебімен ұтты. Кейін Германиялық балуан қызды таза әдіспен уақытынан бұрын тізе бүктірді. Венгр балуанын тартысты өткен кездесуде 8:6 есебімен ұтты.

Өкінішке орай финалда Жапон балуан Маю Мукайдаға есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Марина Седнева былтырғы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған болатын.

 

 

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …